Шашты ыстық сумен жууға болмайды. Сәл-шым-шым сумен жуу керек. Сонда шаш түбі беки түседі.
Құбырдан аққан сумен де жуған дұрыс емес. Құбыр суының құрамында хлор көп. Міндетті түрде құбыр суын қайнатып, мүмкін болса, түрлі емдік шөп тұнбасын қосу арқылы жұмсартып барып жуса, шашқа пайдалы. Мысалы, қалақай тұнбасы шаштың түбін бекітеді. Жалбыз тұнбасы құнарландырады. Өң береді. Жылтыратады.
Қатты аязды суықта немесе аптап ыстықта жалаңбас жүрмеген дұрыс. Шаштың түбі суықтаса, түсе беретін болады.
Шаш түсе бастаған жағдайда ем-домын үзбеген жөн. Шырғанақ жемісінің, жас бұтақшаларының тұнбасымен шашты жуса, түсуі кемиді. Шаш түбіне аптасына екі рет шырғанақ майын жақса, саулығы бірден жақсарады.
Бір бас пиязды аршып, үгіткішпен дәкенің үстіне үгітіп, дайын қоймалжыңды шаш түбіне сіңіре жағу керек. Бірер сағат ұстап, шым-шым сумен шаяды. Осы әдісті бірнеше апта үзбей жасасаң, бұрымыңның өңі кіреді. Қайызғақ болмайды, қышымайды.
дереккөз:zhasorken.kz