Бүрген майынан жасалатын маскалар

Бүрген майының жарақатты тез кетіретін, тері ауруларын емдейтін және адамның бет-әлпетіне жақсы әсер ететін қасиеті бар. Оның құрамындағы каротин, токоферол, тиамин, аскорбин, линол және жеміс қышқылдары, К дәрумені, пиридоксин, флавоноид, фосфолипид, серотонин, рибофлавин, стерин және т.б. пайдалы заттар тері денсаулығына өте пайдалы.

1. Бүрген майын бет терісіне пайдалану

- Бет терісіне арналған маска бүрген шырыны (1 шай қасық), бүрген майы (1 шай қасық) және бір жұмыртқаның сарысынан жасалады. Барлық заттарды араластырып, бетке бірнеше қабаттап жағады. Мұндай маска теріні ылғалдандырып, қоректендіреді.

- Бет терісін жасартатын маска: 0,5 шай қасық бүрген шырыны, 1 шай қасық бал мен бірнеше тамшы бүрген майын жақсылап шайқап араластырады. Алынған қоспаны бет пен мойынға жағады, 15 минутқа қалдырып, жылы сумен, ал кейін салқын сумен жуады.

- Құрғақ және солғын тартқан теріге арналған әлдендіретін маска 1 шикі жұмыртқаның сарысынан, 1 шай қасық майдан және 1 шай қасық бүрген шырынынан жасалады. Бүрген шырынын басқа да жемістердің (киви, цитрустық, алма және т.б.) шырын сығындысымен алмастыруға болады.

- Бет терісін тартатын маска: 1 шикі жұмыртқаның сарысын, 1 шай қасық бүрген майы мен 0,5 шай қасық сары косметикалық балшықпен араластырады. Алынған қоспаны бет терісіне жағып, 15 минуттан кейін жылы сумен жуып тастайды.

2. Бүрген майын ерінге пайдалану

- Бүрген майы желге тотыққаннан жарылып кеткен еріннің саулығын қайта қалпына келтіруге көмектеседі. Ерінге бүрген майын жағып, бірнеше минуттан кейін жуып тастау керек. Осы процедураны күніне 2-3 рет қайталау қажет.

3. Бүрген майын шашқа пайдалану


- Егер шаш жиі түссіздендіру немесе химиялық бұйралатудан зақымданған болса, онда фолликуланың тез қалпына келуі үшін бүрген майын шаштың түбіне жақса жеткілікті.

- Бұл процедура сонымен қатар, шаштың түсуінің алдын алады. Оған қоса күніне екі рет 1 шай қасықтан бүрген майын ішіп отырса екі есе жақсы нәтиже береді.

- Қайызғақтан арылу үшін 1 шай қасық бүрген майы мен 6 үлкен қасық зәйтүн майынан маска жасауға болады. Алынған қоспаны шашқа уқалап жағады. Жарты сағаттан кейін жылы сумен жуып тастайды. Емдеу курсын 2 ай бойы аптасына екі рет жасап тұру қажет.

- Құрғақ шашқа арналған бүрген майынан маска: 2 үлкен қасық бүрген мен зәйтүн майларын бір шикі жұмыртқамен араластырады, шашқа жағып, жарты сағатқа орап қояды.

- Қасқабастану кезінде 2 үлкен қасық бүрген жемісі мен жапырағы және 2 стақан судан тұратын қайнатпа пайдаланылады. Қоспаны бірнеше минут қайнатып, 3 сағатқа қойып қояды, кейін сүзіп алады. Қайнатпаны күніне екі рет 150 мл-ден ас алдында қабылдайды және күнде бас терісіне жағып, түнге қалдырады. Басты жуған соң тағы бүрген майын жағып қояды.

4. Кірпікке бүрген майын пайдалану

- Бүрген майын кірпіктің өсу үшін, құнарландыру және қатайту үшін пайдаланады. Ол үшін жай ғана бүрген майын, сонымен қатар бірнеше майлар қоспасын жасауға да болады. Тазартылған кірпікке май жағып, бірнеше уақытқа қалдырады.

- Кірпікті бүрген майы, балық майы және Е дәруменінің майлы ерітіндісінің араласқан қоспасымен қатайтуға болады. Емдеу курсы – бір ай шамасы. Жаққан кезде қоспаның көзге түспеуін қадағалау қажет. Кірпікке арналған маскаларды жылы сумен жуып тастау қажет.

5. Бүрген майын тырнаққа пайдалану

- Сынғыш және қат-қабаттанатын тырнақтарды күту үшін бүрген майын күннің кез келген уақытында тырнаққа жағу қажет. Бұл процедураны екі немесе бір ай бойы жасайды.

- Қол мен тырнақты қоректендіру үшін кремге бірнеше тамшы бүрген майын қосу керек.

Сурет: lesnajakosmetika.ru, mystuff.su

Дайындаған: Анар Мұстафина

Оқи отырыңыз:

Жұмыртқадан жасалатын шаш маскалары

Тері күтімі: құлпынай маскасы

Бетке арналған бал маскалары

Бет терісін ылғалдандыратын маскалар

Қара нүктеден арылуға көмектесетін маскалар