- Негізгі бет
- Сымбат
- Бұл мен қалаған...
Бұл мен қалаған шаш сәні емес!
Сән салонына айына кем дегенде бір рет барып, шаш қидырып, сәнін жаңартып тұрамыз. Шаш сәнін өзгерткіңіз келсе де, нәтижесінен қорықсаңыз, мына кеңестерді біліп жүріңіз.
Сонымен салоннан шыққаннан кейін жаңа шаш сәніне қөңіліңіз толу үшін алдын ала дайындалыңыз.
Стилиспен кеңесіңіз
Ұнаған салоныңызға немесе біреудің мақтаған стилисімен кеңесуге жазылыңыз. Ол сіздің шаш жағдайыңызға баға беріп, бет пішініңізге қандай шаш сәндері жарасатындығы жайлы айта алады. Онымен бірге сәнді журналдар ақтарып, сізге жарасады деген шаш сәнін табуға тырысыңыз. Стилист екеуіңіз бір-біріңізді түсінгеніңізді байқасаңыз, оған қорықпастан шаш қырқуға жазылыңыз. Басқа жағдайда, стилист іздеуді жалғастырыңыз.
Мысал үшін
Шаш сәнін өзгертемін деп ниеттенген қыздар көп жағдайда жаңа келбеті қандай болатындығы жайлы ойланбайды. Шаштараздың орындығына отырып, "жаңарғанды қалаймын" деген қыздар артынан шашының неге сарыға боялып, ұзындығы өзгергенін түсінбей қалады. Сол себепті шаштаразға аттанбас бұрын, сән журналдарын, ғаламторды ақтарып, ұнаған шаш сәндерінің суреттерін өзіңізбен бірге ала жүріңіз. Бұл шаштаразға әлдеқайда көмектесіп, соңғы нәтиженің көңіліңізден шығуын қамтамасыз етеді.
Жаңа шаш сәніне күтім
Шаштараздан шыққандағы кейпіңіз әдемі болуы мүмкін, алайда бірнеше күн өткеннен кейін, шаш сәніне өзіңіз күтім көрсетіп, дұрыстап кептіріп, жатқызуыңыз керек болады. Осыған байланысты сұрақтардың бәрін стилиспен ақылдасып алыңыз.
Бұл мен қалаған шаш сәні емес!
Шаштараздың айнасындағы көрініс көңіліңізден шықпаса, салонда шу шығарып, ұрыс бастаудың қажеті жоқ. Ұнамаса, жаңа шаш сәніне үйреніп кетемін деп кетіп те қалмаңыз. Ұнамаған жерлерін бірден шаштаразға айтудан ұялмаңыз. Стилист міндетті түрде шаш сәні көңіліңізден шығатындай қылып істеп беруге тырысады.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: olx.ru
С. А