Бұл келіншектің жасы қаншада?

Жоғарыдағы суретке бір қараған болсаңыз, аталған жанның 46 жаста екеніне және екі бірдей баласы бар дегенге оңайлықпен сене қоймайсыз.

Юнг Да Ен өзінің қыз-келіншекке тиесілі мүсін, сымбатымен тек Оңтүстік Корея елінде ғана емес, бүкіл әлемге танымал. Тіпті, оған "momjjang ajumma" деген ат та берген - аудармасы "керемет пішінді ана".  

Бірақ Юнг Да Ен әрқашан бұл қалыптан көрінген емес. 2004 жылы оның салмағы 70 келіні құрап, сол уақытта екі баланы дүниеге әкелген қарапайым үй шаруасындағы әйел секілді көрінетін. Күн санап артқан артық салмақтан арқа, жауырын тұсы ауыра бастайды, сосын барлық ауырлықтан құтылу үшін, Юнг Да Ен салмақ тастауға шешім қабылдаған. 

Жас келіншектің осы бір қадамға барғандығы туралы және мүсін, сымбат тұрғысында теңдессіз нәтижеге қол жеткізгені көп ұзамай газет беттеріне басылады. Баспасөзде Юнг Да Еннің үш ай ішінде мұншалықты салмақ тастағаны, яғни 20 келіден арылғаны жазылып, жас ананың суреттері беріле кетеді. Артынша бүкіл Оңтүстік Кореяның жұртшылығы тап-тамаша жетістікке бір дүрлігіп, тіпті, "momjjang" синдромы деген атау шығып үлгерген. 

Оңтүстік Корияның үй шаурасында жүрген барлық қыз-келіншектері дәл осындай мүсінге иелік ету үшін, жаппай жаттығу залдарына жазыла бастаған. Юнг Да Ен өз-өзін қолға алып, қуаныш толқынының үстінде кітап, бейнебаян жазылған таспаларды шығарады. Салмақты қалай тастап, қалай сымбат арттыруға болатындығы жөнінде кездесулерге шақырылған.

Даңқ пен дақпырттың бәрі кәріс қызын миллионер жанға айналдырып, жеке бизнес есепті фитнесс-империясын ашуға мұрындық болады. Юнг Да Еннің танымалдылығы Кореядан ары асып, Жапония еліне жетеді. "Күншығыс елінде" жаттығу залдары мен дайындық залдары ашылады. 

Юнг Еннің сымбатты мүсінді құру турасында өз көзқарасы бар. Мәселен, азиялық қыз-келіншектерге қолайлырақ тиетін жаттығу түрлеріне таңдау жасаған. Еуропалық әйелдер бұлшық еттерін өсіруді көбірек қаласа, Кореяда, керісінше, артық бұлшық етсіз тартылған, сып-сида болғанды қалайды. 

* * * *

"Өзін-өзі жасаған" деген сөздің мағынасын Юнг Да Еннің суретін көргенде түсінерсіз. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/aDK49ROk3iw","width":"450","height":"240"});

сурет:zdorovie.forblabla.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек