Көпшілік экраннан жұлдыздардың әдемі күлкісін көреді де, жасқанады. Бірақ өз тістерін түзетуді қолға алмайды. Стомотолог дұрыс емес тістем жағымсыз салдарларға әкелетінін айтты, - деп жазды parents.ru.
«Дұрыс емес тістем — беттің төменгі үштен бір бөлігі биіктігінің төмендеуі, тіс қатарларының төмендеуі, бөлек тұратын тістердің дұрыс емес күйі, өс бойынша тістер айналымы. Бұлардың бәрі қызметтік және эстетикалық бұзылуларға әкеледі», — дейді стомотолог Вероника Рыжова.
Дұрыс емес тістем — ол тек әдемі емес күлкі деп ойласаңыз, қателесесіз. Онымен ерін визуалды түрде жіңішке көрінеді. Адам тістерін ернімен жабу арқылы жасыруға тырысады. Одан мұрын-ерін және иек әжімдері ерте пайда болады. Сондай-ақ, сырт келбетті төменгі жақтың дұрыс орналаспауы да құртады. Дұрыс емес тістем тістер сапасына да әсер етеді: эмаль жарылады, жарықшақ пайда болады, тістер қажала бастайды.
Төменгі жақтың күйі дене мүсініне әсер етіп, 1-ші және 2-ші мойын омыртқасы қысылып қалуы мүмкін. Ал ол май табандылыққа, бас ми ишемиясына және бақылауға келмейтін бас ауруына әкелуі мүмкін.
Жақ дұрыс орналаспаған болса, әр шайнағыш қозғалыс шықшыт буында орналасқан триггерлік зоналарды зақымдайды. Бас ауыруы, бұлшықеттер ауыруы және олардың гипертонусы пайда болуы мүмкін.
Тістемді түзеудің бір әдісі — брекет кию. Брекет таққаннан кейін бет пен жақ пішіні сәл өзгеруі мүмкін. Өзгерістің қаншалықты айқын болатыны патология түрі мен деңгейіне байланысты. Сондай-ақ емделушінің брекетке қалай күтім жасағаны да маңызды рөл атқарады.
Брекет таққан жұлдыздардың суреттерін ұсынамыз. Суреттерден оған дейінгі және кейінгі нәтижені көре аласыз.
Гвен Стеффани
Анджелина Джоли
Синди Кроуфорд
Криштиану Рональду
Эмма Уотсон
Майли Сайрус
Дакота Фэннинг
Кендалл Дженнер