- Негізгі бет
- Сымбат
- Бразилия қыздары қандай...
Бразилия қыздары қандай диета ұстайды?
Бразилиялық қыздар өзінің сұлу сымбатымен әлемді таң қалдырады. Олар өз мүсіні қалай сақтайды? Мынадай диета ұстанады.
Балық, ет, майлы тағамдар, ащы қоспалар, шоколад, тәтті – бұл азықтарды тамақтану тәртібінен мүлдем шығарып тастайды. Олар тек жеміс-жидек, көкніс, кептірілген жеміс, ащы емес соуспен ғана азықтанады. Тамақтану үрдісінде қайнатылған не суға бұқтырылған тағамдарды таңдаған жөн.
Рұқсат етілген азықтарды аз-аздан араға көп уақыт салмай жеп тұрсаңыз, аштық сезімі пайда болмайды. Артық салмақпен күресумен қатар, бүкіл ағзаңызды тазартасыз.
Ұзақтығы 7 күнге созылатын бұл диетаны бұзбай ұстасаңыз, 14 килоға дейін тастауға мүмкіндік бар. Онымен бірге фитнеспен, аэробикамен айналыссаңыз немесе жай ғана сүйікті әуеніңізге билесеңіз құба-құп.
Диетаны 7 күннен артық ұстамау керек. Араға екі апта салып қана қайталап тұруға болады.
@. @assel_assanova