- Негізгі бет
- Сымбат
- Бонн диетасы ...
Бонн диетасы
Бонн диетасы қатаң диеталардың біріне жатады, бірақ сорпа жақсы көретін адамдар жеңіл көтеруі мүмкін. Себебі арықтауға көмектесетін негізгі тамақ сорпа болып табылады. Мұндай диета аптасына 5 кг артық салмақтан арылуға көмектеседі.
Сорпаны дайындауға қажетті ингредиенттер:
-ақбас қырыққабаты;
- болгар бұрышы;
- пияз;
- сәбіз;
- балдыркөк (сельдерей).
Барлық ингредиенттерді кәстрөлге салып, қатты отта 10-15 минут шамасында қайнатыңыз. Содан соң отты басып, ингредиенттер жұмсарғанша ұстаңыз. Оған 1 сорпа текшесін салуға рұқсат етіледі немесе бұл тағамды тауық сорпасына пісіруге болады. Алайда міндетті түрде майы аз болуы керек. Егер тауық етінен дайындасаңыз, оның терісін алып тастаңыз. Сорпаға өзіңізге ұнайтын дәмдеуіштер қолдануға да болады.
Бонн сорпасын нақты кесте бойынша қолдану керек:
1-күн. Сорпаны кез келген мөлшерде ішуге болады. Сонымен қатар, бананнан басқа жемістер рұқсат етіледі. Сұйықты көп мөлшерде ішіңіз. Ол тәтті емес компот, морс, қара немесе көк шай және таза су болуы мүмкін.
2-күн. Көкөніс күні. Бонн сорпасын жүгері және бұршақтылардан басқа кез келген көкөніспен бірге қолдануға болады. Екінші күні жеміс жеуге болмайды. Сұйық ішу сол қалпында қалады.
3-күн. Сорпадан басқа көкөністер мен жемістер (бананнан басқа) рұқсат етіледі.
4-күн. Сорпадан басқа көкөністер мен жемістер рұқсат етіледі. Бұл күні банан да жеуге болады.
5-күн. Бұл күні тамақты тек екі рет қана жеу рұқсат етіледі. Қиын болғандықтан, тамақтануыңызға майсыз ет қосуға болады. Көкөністер ішінен картоп жеуге болмайды.
6-күн. 5-күнді қайталайсыз. Бірақ тамақтану санына деген шектеуді алып тастауға болады.
7-күн. Сорпа ішуге, көкөніс жеуге және жеміс сусынын ішуге болады. Бұл күні қоңыр күріш жеуге рұқсат етіледі.
А. Жапатова