- Негізгі бет
- Сымбат
- Бөліп тамақтану қағидалары...
Бөліп тамақтану қағидалары
Көптеген диетологтардың ойынша, бөліп тамақтану салмақты қадағалаудың ең оңтайлы жолы. Егер бөліп тамақтануды ұстануға бел бусаңыз, оның алтын ережелерін біліп жүріңіз.
1-ереже
Крахмалды және қышқыл тағамдарды бір уақытта жемеңіз. Көмірсуларға бай крахмалды картоп, банан, бұршақтарды қышқыл апельсин, лимон, грейпфрут, ананас және қызанақпен жемеген дұрыс.
2-ереже
Жалпы бір-бірімен үйлеспейтін тағамдарды қосып жемеңіз. Мысалға қарбыз бен сүт.
3-ереже
Ақуыз бен қышқылды тағамдарды да бөлек жеген дұрыс. Цитрустар немесе қызанақты ет, сыр, балық, жаңғақ не жұмыртқамен қоспаңыз.
4-ереже
Крахмалды және тәтті тағамдарды бірге жеуге болмайды. Тосап, қант, балды нан, ботқа, тәтті нандарға жағып жеу дұрыс емес.
5-ереже
Ақуыз бен көмірсуларды бір уақытта жемеген дұрыс. Картоп, нан, макарон мен ботқаларды сыр, жаңғақ, ет не балықпен жемеңіздер.
6-ереже
Ақуыз бен майға бай тағамдарды да бөлек жеуге кеңес береміз. Сұйық, сары майды жұмыртқа, ет, балық, сыр және басқа да ақуызға бай азық-түліктермен қоспаған жөн.
7-ереже
Жалпы бір тамақтанғанда ақуызға бай бірнеше тағамды жемеуге тырысыңыз. Жұмыртқа, ет, сыр, жаңғақтар бір ас үшін тым ауыр болады.
Әрине тамақтану барысында әр тілімді жақсылап шайнау керек. Тамақты аз-аздан жиірек жеу де пайдалы деп санайды осы тамақтану жолын ұстанушылар. Дәмдеуіштер мен тұздың шамасын барынша арттыруға тырысыңыз. Ал ақуызға бай тамақтарды пісіру пешінде не буда пісіріңіз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: fitnessgazette.net
С. А