Америка актрисасы Блейк Лайвли — әлемдегі ең сәнқой сұлулардың бірі. Актриса түсірілімдер алдында мінсіз дене пішініне қалай қол жеткізетіні туралы айтты.
"Бұл тамақтану жүйесін диетолог Стиви Макари мен үшін ойлап тапты. Мен оның тиімділігіне таңғалдым. Барлығы оңай болды деп айта алмаймын, алайда нәтижесі соған тұрарлықтай болды",– дейді Блейк.
1-ереже: Таңғы аста ақуыз мөлшерін көбейту
"Таңғы асыма суға қайнатылған 2 жұмыртқа немесе кокос майына қуырылған 2 жұмыртқа, көкөністерден жасалған салат, шөптерден дайындалған шай кіреді. Қалауыңызға қарай аздап жеміс-жидек жеуге болады".
2-ереже: Азық-түліктің балғын болуы
"Бұл ережені орындау көпшілікке қиынға түсетінін білемін, алайда оның өте маңызды екенін ұмытпаңыз. Балғын азық-түліктер ғана жеу керек. Жартылай дайын, ерітілген және консервіленген өнімдерден бас тартыңыз. Балық пен ет — суытылған, сүт — уыз, йогурт пен сүзбе — өзіңіз дайындаған немесе табиғи ұйытылған болуы қажет".
3-ереже: 5 күнге арналған қатаң ас үлесі
"Маған осы тізімдегі кез келген тағамды шектеусіз мөлшерде жеуге болатын, бірақ олардан басқа ештеңе жеуге болмайды. Табиғи йогурт, қаражидек (черника), қырыққабат, чиа, сұлы қауызы, көк шай, мүкжидек (клюква), қызылша, пісте (фисташка), брокколи және кокос майы рұқсат етілді. Мен осылардан 5 күн бойы түскі ас пен кешкі асқа тамақ дайындап жүрдім".
4-ереже: 2 күн үзіліс алу
"Аптасына 2 күн — тыңдамау мерекесі, таңғы аста күнделікті әдетпен тамақтанып, түскі ас пен кешкі асқа не жесем де өзім білемін. Мен пицца мен макаронға тойып алатынмын".
Бұл тамақтану жүйесін бір ай (минимум) ұстану қажет. Ары қарай өзіңіздің қойған мақсатыңызға және қалауыңызға байланысты созуға да болады.