Денсаулық сақтау үшін арнайы жаттығулар жасап, дұрыс тамақтанып, жақсы ұйықтап, белсенді нәрселермен айналысу керек. Солардың бірі – би.
Егер бимен айналыссаңыз:
Біріншіден, физикалық жүктеу көбейіп, бұлшық ет тонусы көтеріледі.
Екіншіден, би дене сымбатын әдемірек етуге көмектеседі.
Үшіншіден, денеңіз иілгіш, қозғалғыш болады. Ал ол өз алдына ағзаның тез қартаймауына игі әсер етеді.
Төртіншіден, төзімділік артып, тез шаршамайтын боласыз.
Бесіншіден, денеңізге көңіліңіз толып, өзіңізді әдемі, тартымды етіп сезінесіз.
Алтыншыдан, би қоршаған ортаны сезінуге, адамдармен қарым-қатынасқа түсуге жеңілірек болады.
Жетіншіден, бұл көңіл-күйді көтеретін тамаша әрі пайдалы әдіс.
Ал сіз бимен айналысуға қалай қарайсыз?
Сурет: Николай Винокуров
Ұқсас жазба:
Хоббиіңізді анықтау үшін...