- Негізгі бет
- Сымбат
- Безеуден құтылуға көмектесетін...
Безеуден құтылуға көмектесетін 5 тағам
Егер бетіңізге шыққан безеуден әбден ығыр болсаңыз, ашуға бой бермеңіз. Бүгіннен бастап дұрыс тамақтануға көңіл бөліңіз. Тамақтану мәзіріңізді реттеу арқылы, сіз безеуден құтыла бастағаныңызды байқайсыз. Ал олүшін безеуді кетіретін 5 азық-түлік көмектеседі.
Ағзаның саулығын зерттейтін арнайы бағдаралама дайындап шығарған диетологтар безеуден құтқаратын 5 тағамға басымдық беруді ұсынады.
1. Таза су. Теріні сау әрі жас етіп сақтау үшін, су ішкен дұрыс. Сонымен қатар, қандай да бір газдалған сусын ішпеңіз. Күніне басқа да сусындар мен сорпаны есептемегенде, кем дегенде 8 стакан су ішіңіз. Су безеуден арылтатын ең негізгі құрал болып саналады. Оның үстіне, сутері жасушаларын жаңартады.
2. Зәйтүн майы. Тамақты зәйтүн майымен дайындаңыз. Бұл көптеген артықшылығы бар керемет тағам. Зәйтүн майы теріні безеуден тазартады. Ал ең негізгі қасиеті май қышқылдарының ішіндегі табиғи, тазасы екендігінде.
3. Көк шай. Асқынуға қарсы химилиялық элемент катехиннің негізгі көзі болып табылады. Бұл зат теріні безеуден арылтуға көмектеседі. Тері жасушасының бұзылуына әкелетін еркін радикалдардың алдын алады.
4. Бидай және жаңғақтар. Бұл тағамдар тері жасушаларының саулығына әсер ететін селеннің негізгі көзі. Селен бұзылған тері жасушаларын қалпына келтіріп, безеуді кетіреді. Ал жаңғақтарда теріні жұмсақ әрі тегіс ететін омега-3 майы бар. Бұл тағамдарды тамаққа қоссаңыз, безеуден де құтыласыз, теріңіз де жасарады.
5. Ет пен балық. Ақуыздың ең негізгі көзі. Ақуызға бай тағамдарды пайдалану арқылы безеумен күресуге болады. Сенің күнделікті тамақтану мәзіріңде ақуыз міндетті түрде болуы керек. Бұл теріні жұмсақ әрі тегіс етіп қоймай, сымбатыңызды жақсартуға көмектеседі. Өйткені, зерттеулерге сүйенсек, ақуыз артық салмақтан арылтады.
Безеудің қаптап кетуінен сақтаныңыз. Дәл қазірден бастап алдын алыңыз. Тамақтану рәсіміңді бірнеше рет бақылап, керекті тағамдарды мәзірге қосыңыз. Сонда безеудің ізі де қалмайды. Ал сіз өзіңізді өте бақытты әрі әдемі сезінесіз.
Дереккөз: confederation.kz
О. Сансызбай