- Негізгі бет
- Сымбат
- Безеуден құтылудың амалы...
Безеуден құтылудың амалы
Безеуден арылудың косметикалық жолдарын бұрын сайтымызда қарастырғанбыз. Енді безеудің психологиялық себептерін қарастырайық. Себебі дәрігер мен косметологтардың кеңесін орындасаңыз да, безеуден құтыла алмайтын жағдайлар кездеседі.
Адамның бет-жүзі оның ар-ұятымен байланыстырылады. Ұялғанда бетіміз қызарып кетеді. Ертеректе қатты ұялтқысы келгенде, ауыр сөзбен «жүзіқара» деп сөзбен жерлейтін болған. Мұның бәрі тегін емес, безеудің осыған ұқсас себептері бар көрінеді. Психологтар кез келген терімен байланысты проблеманың адамның жан дүниесіндегі қайшылықтарға байланысты екенін, оның қоршаған ортадан аулақтанғысы келгендігінен туындайтынын айтады. Ал жасөспірімдік кезеңде мұндай жайттар шиеленісе түседі. Олардың көбісінің өз көріктеріне көңілдері толмайды, сәл нәрседен ұялып қалады, болмашы жайтқа ашуланады. Осының бәрі психологиялық күйзеліске ұласып, безеудің қаптап шығуына әкеледі.
Не істеу керек?
1. Алдымен өз ерік-жігеріңізді билеуге дағдыланыңыз. «Басқа адамдар мен туралы не ойлайды? Оларға ұнамай қалуым мүмкін» деген ойлармен өзіңізді-өзіңіз азаптамаңыз. Әрине алғашқы махаббат мәселесі оңай емес (бұл туралы жеке мақала жариялаймыз), дегенмен сіздің ажарыңыз өзінше сұлу екенін есте ұстаңыз. Егер махаббат мәселесі сәтсіз аяқталса, сізге байланысты болмауы ықтимал. Махаббатыңыздың да өзіндік ішкі проблемасы бар, кәдімгі жасөспірім екенін ойлаңыз.
2. Шыдамды болып, бір істі аяғына дейін жеткізуге тырысыңыз. Ересектердің ескертуіне сабырлылық танытыңыз. Тәжірибе біртіндеп жиналады. Сондықтан кейбір істер қолыңыздан келмесе, өзіңізге кешіріммен қараңыз. «Иә, мен мұны істей алмаймын» деп мойындаңыз. Ешкім білімді болып туыла қалмайды.
«Мен әдемімін», «мені бәрі жақсы көреді», «мен де айналамдағы адамдарды жақсы көремін» деген аффирмацияларды жиі айтыңыз.
Жоғарыда айтылғандарды сайтымызда жарық көрген безеу қарсы маска, т.б. күтімдермен байланыста жүйелі қолдансаңыз, безеуден құтылатын күн де жақын.
Сәттілік тілейміз!
Cурет: Илья Алешковский
Оқи отырыңыз:
Бетке арналған лифтинг-маскалар
Косметикалық мұз дегеніміз не?
Бетке арналған масканы үй жағдайында жасау #2
Бетке арналған масканы үй жағдайында жасау
Ф. Абилова