Безеу мен олардан құтылу жолдары жайлы айтып кеткен болатынбыз. Сіз теріңізді күтіп, түрлі қымбат кремдер мен сұйықтықтарды аямай жағасыз ба? Бетіңіздегі безеулердің бірде кетіп, бірде қайта пайда болатындығынан шаршадыңыз ба? Керек күтімді көрсетсеңіз де, теріңіздің бұндай еркелігін түсіне алмай жүрсіз бе? Ендеше, мына кішігірім тестен өтіп, өзіңіздің қай жерден қателескеніңізді байқаңыз.
1. Бетіңіз бен денеңізді бір сүлгімен сүртесіз бе?
Дұрыс емес. Бұлай сіз тек микробтардың таралуына көмектесесіз. Сондай-ақ беттің терісі қалған дененің терісіне қарағанда нәзік болып келеді.
2. Жастықтың қабын жиі ауыстырмайсыз ба? Екі аптадан көп ауыстырылмаған төсек-орын, әсіресе жастыққап, бетіңізде микробтарды қоздырып, безеулердің таралуына көмек береді.
3. Бетіңізді қолыңызбен сипалап, ұстай бергенді әдетке айналдырдыңыз ба?
Бұл жаман әдеттен әлбетте, арылуыңыз керек. Бетіңіз қышып, не қолыңыз басқа істейтін іс таппай тұрса да, қолдарыңызды жақсылап тұрып сабынмен жумағанша, бетіңізге тимеңіз!
4. Бет терісін
арнайы бетке арналған салфеткамен сүртіп тазалайсыз ба? Бекер. Мата беті тек бактерияларды тасымалдап, олардың бетте қалуына көмек береді. Одан да біржолғы бет тазалайтын спонж немесе пластикалық щеткамен тазалағаныңыз абзал. Олар антибактериалды сабынмен оңай тазарады.
Суреттер: luzana.ru, fotomag.com.ua, novos.mk.ru, avon-forum.ru