Беттегі қара нүктені тазалайтын маскалар

Беттегі қара нүктені тазалайтын маскалар
Фото: unsplash.com

Қыз баласының көркі тек жүрегінде емес, сонымен қатар мінсіз келбетінде. Бет терісіндегі безеулер мен қара нүктелерден арылып, мінсіз келбетке енгізетін табиғи маскаларды ұсынамыз. Ең алдымен бұл маскаларды аптасына екі рет қана қолдану керегін естен шығармаңыз.

Шөптен жасалған маска

Маскаға қажет заттар:

- 2 қасық түймедақ жапырақшасы (дәріханадан сатып алынған болсын);

- 1 ас қасық лимон шырыны;

- 1 ас қасық қара бидай ұны;

Дайындау:

1. Түймедақ жапырағын суға қайнатып, үстіне лимон шырыны мен қара бидай ұнын қосыңыз да, қоюланғанша араластырыңыз.

2. Бетіңізге жағып, 20 минутқа қойыңыз.

3. Жылы сумен шайып, ылғалдандырғыш крем жағыңыз.

Қызанақ маскасы

Маскаға қажет заттар:

- жаңа шыққан 1 қызанақ;

- 1 ас қасық сұлы ұны;

- 1 жұмыртқаның сарысы;

Дайындау:

1. Қызанақты суы шыққанша езіп, үстіне сұлы ұны мен жұмыртқаның сарысын салып, араластырыңыз.

2. Дайын болған қою масканы теріңізге жағыңыз.

3. Уақыты шамамен 25-30 минут (толық кепкенше ұстаңыз).  

4. Жылы сумен шайып, ылғалдандырғыш крем жағыңыз.

Сүт тағамдарынан жасалған маска

Маскаға қажет заттар:

- 50 миллилитр қайнаған сүт;

- 1 ас қасық сұлы ұны;

- 2 ас қасық демделген түймедақ жапырақшалары (алдын ала қайнатылып алынған);

Дайындау:

1. Сұлы ұнын қайнаған сүтке салып, отқа қойып, қоюланған соң, оттан түсіріңіз. Артынан түймедақ жапырақшалары қайнатылған суды құйыңыз.

2. Суыған соң, бетіңізге жағып, 20-25 минутқа қойыңыз.

3. Жылы сумен шайып, нәрлендіргіш крем жағыңыз.

Сүтті маска

Маскаға қажетті заттар:

- 1 ас қасық сұлы ұны;

- 50 миллилитр ыстық сүт;

- 1 ас қасық сода;

Дайындау:

1. Сүтке сода мен сұлы ұнын қосыңыз.

2. Дайын болған қою масканы бетіңізге жағып, 25-30 минутқа қалдырыңыз.

3. Бинттің көмегімен уқалай отырып, бетіңізді жылы сумен тазартыңыз.

4. Тазарған бетіңізге ылғалдандыратын крем жағыңыз.

Ақ балшықтан жасалған маскалар қара нүктеден арылуға жақсы көмектеседі.

Маскаға қажет заттар:

- 1 ас қасық магнезий;

- 1 ас қасық ақ балшық;

- 1 ас қасық күріш крахмалы;

- 1 ас қасық бор қышқылы;

- 1 ас қасық күйдірілген ашудас ұнтағы;

Дайындау:

1. Барлығын аузы жабылатын әйнек ыдысқа салып араластырыңыз. (Бұл қоспаны 3 рет қолдануға жеткілікті).

2. Осы қоспаның 1 ас қасығын алып, 3 пайыздық сутек тотығына (перекись водорода) қосып, қоюланғанша араластырыңыз.

3. Көзіңіздің айналасына тигізбей, бетіңізге жағыңыз.

4. Бетіңізде қатқанын күтіп, бинтпен түсіріп тастаңыз.

5. Жылы сумен жуып, нәрлендіргіш крем жағыңыз.

Бұл маскалар қара нүктелерден арылуға көмектеседі. Оны бетіңізге жақпас бұрын, теріні жақсылап тазартып алу керегін ұмытпаңыздар.

Көпшілікке тұз қосылған маскалар көмектеседі. Күнделікті тұрмыста тұз бен суды араластырып, мақтамен қара нүктелердің, безеулердің үстіне жағыңыз. Бұл рәсімді уақытымен қайталап тұрсаңыз, бірнеше аптадан кейін, жақсы өзгерісті байқайсыз.

Г. Берік