- Негізгі бет
- Сымбат
- Беттегі әжімнен арылу...
Беттегі әжімнен арылу
Ол үшін әжімнің не үшін пайда болғанын анықтап, себебімен күресу керек. Уақытынан бұрын бетіне әжім түсіріп алғысы келмейтін қыздарға мына кеңестерді ұсынамыз.
Күнге қыздырыну. Күнге қыздырынудың пайдасы көп-ақ. Бірақ, бетке түскен күннің әр сәулесі бет терісінде әжімнің пайда болуна әсер етеді. Ол үшін күнге шыққан сайын құрамында SPF15 қорғанышы бар күндізгі крем жағып жүру керек. Егер ерте қартайғыңыз келмесе, жағажайда көп жатпауға тырысыңыз.
Жағымсыз әдеттер. Ішімдік ішу, шылым шегу ешкімді ажс қылып көрсеткен емес. Қыздар мұндай әдетке бармаса да, денсаулыққа зиян келтіретін дүниелерді тұтынатын таныстарына айта жүргені дұрыс.
Күтімнің болмауы. Дұрыс тамақтану мен ылғалдық барлық теріге керек. Мейлі майлы тері болсын, мейлі құрғақ болсын. Ағзаға күтім жасаған адам тәніне де үнемі қарап жүруі тиіс. Уақытымен пайдалы тағамдармен қоректеніп, үнемі су процедурасын алған адамдарға әжім кеш түседі.
Дұрыс тамақтанбау. Көп мөлшердегі қант, тез тарайтын көмірсу, тым майлы әрі тым ащы азық және жылдам дайындалатын тамақтар – терінің негізгі қалпын бұзатын «зиянкестер».
Шөлдеу. Егер аз мөлшерде су ішсеңіз, оның орнына кофе не газдалған сусын ішіп жүрсеңіз, теріге керекті су жиналмайды.
Үй жағдайында дайындалатын маска
Бұл маска беттегі әжімнен пайда болуын тежейді. Аптасына 1-2 рет бетке жағып, нәтижесін күтеді.
Бірінші әдіс. Жұмыртқаның сарысы мен 1 шай қасық балды араластырып, теріге жағады. 20 минуттан кейін жылы сумен жуып, бетке арналған крем жағасыз.
Екінші әдіс. Шикі картопты үккіштен өткізіп, 1 ас қасық зәйтүн майы мен ұсақтап туралған ақжелкенмен араластырасыз. Теріге жағып, 15 минут күтесіз. Бұл маска терінің түсін жақсартуға көмектеседі. Беттегі пигментті дақтардан және қызарудан сақтайды.
Г. Берік