- Негізгі бет
- Сымбат
- Бетті тазартудың әдісі...
Бетті тазартудың әдісі
Фото:
correct-food.com
Жаз маусымында бетіміз тез майланатын болғандықтан, оны үнемі тазартып отыру керек. Алайда дүкенде сатылатын лосьон мен тониктердің көбі бағасы қымбат болғанымен сапасы төмен. Сол себепті үй жағдайында бетті тазартатын қоспа жасап үйренейік.
Ол үшін бізге:
- 2 аспирин;
- 1 шай қасық бал;
- бірнеше тамшы су керек.
Дайындау жолы:
Бірнеше тамшы суды аспиринге тамызып, 20 секунд күтеміз. Бал қосып, араластырамыз. Қоспаны бетке жағып, 10 минуттан кейін уқалаңыз. Жылы сумен жуып тастаңыз. Содан соң бетке иісмай жағуға болады.
Бір аптадан кейін бетіңіздің ағарып, бір түсті болып, қара нүктелердің кеткенін және ұсақ тесіктердің тазарғанын байқайсыз.
Ф. Абилова