- Негізгі бет
- Сымбат
- Бетті ағартудың жолдары...
Бетті ағартудың жолдары
Көп қыздың бетіне қара, қоңыр дақтар шығып кетеді. Оны қалай кетіру керек екенін және бетті ағартудың бірнеше жолын айтамыз.
Әдетте дақтар күн сәулесінің әсерінен шығады немесе тұқым қуалап беріледі. Асқазан ауырса да шығуы мүмкін. Секпіл, дақтарды кетіру үшін әртүрлі косметикалық құралдар бар. Дегенмен олардың көбі әрі қымбат, әрі пайдасыз. Сол себепті алдымен өзіңіз маска жасап, кетіруге тырысып көріңіз.
Ақжелкен маскасы
Ақжелкен шөбін үгітіп, таза бетке жағыңыз. Жарты сағаттан кейін жуып, ылғалдандырушы иісмай жағып қойыңыз. Ақжелкен теріні ағартып, жұмсақ етеді.
Ақжелкен мен кілегей маскасы
Бұл маска құрғақ теріге арналған. Үгітілген ақжелкенді кілегей немесе қаймақпен араластырыңыз. Бетке жағып, жарты сағаттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз.
Лимон қабығының маскасы
Лимон қабығын жарты сағат суға салып, қайнатыңыз. От бәсең болуы керек. Уақыт өткеннен кейін тұндырып қойыңыз. Бұл қоспа – табиғи тоник. Онымен күніне үш рет бетіңізді сүртіп тұрыңыз.
Лимон мен крахмал маскасы
Жарты ас қасық картоп крахмалын лимон шырынымен араластырыңыз. Қоспаны бетке жағып, жарты сағаттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Егер бетіңіз қызып бара жатса, бірден жуып тастауыңызға болады.
Ф. Абилова