Бетке үй жағдайында күтім жасап үйренейік

Бетке үй жағдайында күтім жасап үйренейік

Әлем мамандары ұсынатын сан түрлі кеңес бар. Алайда әр адамға жеке қарау қажет. Бүгін сізге апельсиннің көмегімен бет күтіміне қандай әдіс-тәсілдерді қолдануға болатынын айтамыз.

1. Бетіңіз майлы болса. Екі-үш ас қасық апельсин шырынын бір ас қасық талқанмен араластырыңыз. Талқанның орнына крахмал немесе бадам кебегін пайдалануға болады. Бетіңізге тегістеп жағып, 15 минутқа қалдырып, уақыт өткен соң салқын сумен жуып тастаңыз.

2. Терідегі ұсақ тесіктерді тазарту. Екі ас қасық сұлы қауызына апельсин шырынын құйып, 5-10 минутқа қалдырыңыз. Содан соң шырынды сүзіп алып, қауызды бетіңізге қалың етіп жағыңыз. 25-30 минут күтіп, мақтамен сүртіп тастаңыз.

3. Терінің ұсақ тесіктері кеңейген, майлы тері үшін лосьон. Апельсинді қабығымен қоса үккішпен үгіңіз. Оған жарты стақан арақ құйып, қараңғы жерге 6-7 күнге қалдырыңыз. Сүзіп, жартысын минералды сумен араластырып, 1 шай қасық глицерин қосыңыз. Таңертең және ұйықтар алдында осы лосьонмен бетіңізді сүртіп тұрыңыз.

4. Терінің барлық түріне арналған тоник. Апельсинді жұқа етіп кесіп, бетіңізге қойыңыз. Осы қалыпта 20-25 минут жата тұрыңыз. Уақыт өткен соң суық сумен жуыңыз. Сондай-ақ таңертең және кешке апельсин тілімімен бетіңізді сүртіп тұрғаныңыздың да пайдасы көп.

Әрқашан сұлу болып жүре беріңіздер, арулар!

Сурет:www.imagespk.com

Оқи отырыңыз:

Безеуден құтылудың әдістері

Бет күтіміне арналған кеңестер

Балдан шашқа арналған маска жасап үйренейік

Ф. Абилова