- Негізгі бет
- Сымбат
- Бетке арналған лифтинг-маскалар...
Бетке арналған лифтинг-маскалар
Бетті тазалаудың әртүрлі әдісі бар. Бұл жолы назарларыңызға сан түрлі лифтинг-масканың жасалу жолдарын ұсынамыз.
1. Күріш маскасы. Қоңыр күрішті 2 ас қасық күріш ұны шығатындай етіп майдалаңыз. Оған аз йогурт пен жарты шай қасық бал қосыңыз. Көзіңіздің айналасына жақындатпай бетіңізге бір тегіс етіп жағыңыз. Жарты сағат өткен соң жылы сумен жуып тастаңыз.
2. Лимон маскасы. Жұмыртқаның ағуызын араластыру барысында бір ас қасық лимон шырынын қосыңыз. Қоспаны бетіңізге жағып, 20 минуттан соң жуып тастаңыз.
3. Бал маскасы. 2 ас қасық сұлы қауызын бір ас қасық бал мен қайнаған шайдан 2 ас қасық қосып араластырыңыз. Қоспаны бетке жағып, 15 минуттан соң жуып тастаңыз.
4. Дәрумен маскасы (қалыпты және құрғақ бетке арналған). Сізге орталашау банан, Е дәруменінің бір капсуласын, ¼ стақан кілегей қажет болады. Бананды ыдысқа салып езіңіз. Оған кілегей мен дәруменді қосыңыз. Араластырып, көздің айналасына тигізбей мойын мен бетке жағыңыз. 15 минуттан соң жылы сумен мақтамен шайып, артынша сүртіп тастаңыз.
5. Глицерин маскасы. 1 шай қасық глицерин, жұмыртқаның ағуызы, ¼ стақан ұн, 1 ас қасық балды араластырыңыз. Масканы мойыныңызға, бетіңізге жағуға болады. Қоспаны 10 минуттан кейін жылы сумен жуыңыз.
6. Түймедақ маскасы (майлы беткен арналған). Түймедақтан жасалған шайға 3 ас қасық емге арналған балшықты қосыңыз. Қоспаны бетке жағып, 20 минуттан кейін жуып тастаңыз.
7. Жүзім маскасы. 8 жүзімді қабығынан, сүйегінен тазартыңыз. Оған 1 қасық топырақ (глина) пен жұмыртқаның саруызын қосып араластырыңыз. 17 минуттан кейін жылы сумен тазалап, содан соң салқындау сумен шайыңыз.
Сурет: Николай Киреев
Оқи отырыңыз:
Косметикалық мұз дегеніміз не?
Бетке арналған масканы үй жағдайында жасау #2
Бетке арналған масканы үй жағдайында жасау
Бет тазалаудың кешкі ережелері
Ф. Абилова