Бетке арналған компресс тері түсін жақсартады, қан айналымды күшейтеді және теріні ылғалмен қамтамасыз етеді. Кез келген компресс алдында бетті тазарту керек. Егер теріңіз құрғақ болса, компресс жасаудан бұрын крем жағыңыз. Ылғал компрессТүкті сүлгіні суық суға батырып, сығып, бетіңізге 15-20 минутқа қойыңыз. Бұл компресс түрі құрғақ әрі нәзік теріге арналған. Оған судың қайнағаннан кейін ғна суытылған түрін қолданған жөн. Ыстық компрессМұндай әдіс ерте әжім түсудің алдын алады. Алайда оны аптасына 2-3 реттен артық жасаған зиян болады. Ыстық компресс дайындау үшін 1 ас қасық дәріханалық түймедақ гүлін немесе басқа да шөпке 1 стақан ыстық су құйыңыз. Тұнба кішкене тұрсын. Содан соң тұнбаны сүзіп, оған түкті сүлгіні батырып, аздап сығыңыз. Сүлгіні бетке 1-2 минутқа қойыңыз. Бұл процедураны 4-6 рет қайталаңыз. Соңынан бетіңізді суықтау сумен шайыңыз және крем жағыңыз. Ыстық шай компрессБірнеше дәке немесе мата қаптамаға салынған шайды 3-5 минутқа қайнаған суға салыңыз. Содан соң оларды алып, бетке қойыңыз. Сыртынан қалың мата жабыңыз. Одан шыққан бу теріге жақсы әсерін береді. Қарлы компрессБір уыс таза қар алып, оны өте жұқа мата майлыққа салып, байлаңыз. Оны бетіңізге және мойныңызға салқындық сезінгенше қаттырақ басып жіберіңіз. Бұл процедураны таңертең жуынбай тұрып жасаған пайдалы.