Косметолог Кэрол Мадджио беттегі және мойындағы 57 бұлшықетті тарттыратын гимнастика ойлап тапқан. Ол — пластикалық хирургияға керемет балама. Ол ұсынған жаттығуларды жасауға көп уақыт қажет емес, таңертең және кешке 15 минут жеткілікті. Жақсы нәтижеге жетудің жалғыз шарты — барлық нұсқамаларды толық орындау.
Жаттығуды бастамас бұрын төмендегі кеңестерді орындау қажет:
– Жаттығуды отырып жасаңыз. Бұлшықеттеріңіздің қалай жұмыс істейтінін көріп отыру үшін алдыңызға айна қойған дұрыс. Гимнастика әдетке айналған соң жаттығуды айнасыз да жасай беруге болады.
– Барлығын дұрыс істеп жатқаныңызға көз жеткізудің бір белгісі — бетіңіздің қызуы.
– Жаттығуды үзбеңіз, барлық жаттығуды соңына дейін ретімен орындау қажет. Сондықтан ұялы телефоныңызды сөндіріп тастаңыз.
– Әр жаттығудан соң ерніңізбен ауа үрлеу арқылы бұлшықеттерді босаңсыту керек.
– Кэрол Мадджионың гимнастикасындағы «бастапқы күйге» денеңізді қатайтып отыру қалпы жатады. Жаттығулар арасында денеңізді босаңсытып, содан соң қайтадан қатайтып, келесі жаттығуға көшесіз.
1-жаттығу: Көз астындағы ісікті кетіру
Бастапқы күйге еніңіз. Ортаңғы саусақтарыңызды кеңсірік үстіндегі қастың ортасына қойыңыз. Сұқ саусақтарыңызды көздің сыртқы қырына қойыңыз. Жоғары қараңыз. Көзіңізді сығырайтуға тырысыңыз, алайда сол уақытта саусақтарыңызбен бұлшықеттеріңізге кедергі келтіруге тырысыңыз. Бұлшықеттерді ширатуды жалғастырып, 30-ға дейін санаңыз. Содан соң босатып, осы жаттығуды 10 рет қайталаңыз.
2-жаттығу. Қабақтың іскенін кетіру
Бастапқы күйге еніңіз. Саусақтарыңызды бірінші жаттығудағы секілді қойыңыз. Бұл жаттығуда көзіңізді сығырайтпайсыз, керісінше қатты ашасыз.
3-жаттығу. Қасты көтеру
Бастапқы күйге еніңіз. Сұқ саусақтарыңызды қасыңызға параллель түрде маңдайыңызға қойыңыз. Қасыңызды бар күшіңізбен жоғары көтеріп, ал саусақтарыңызбен оған барынша кедергі жасаңыз. Максимум кернеуге жеткен кезде 30 секундқа тоқтап, содан соң босаңсытыңыз. Осы жаттығуды 10 рет қайталаңыз.
Жалғасы бар...