Бетке арналған Кэрол Мадджио ұсынған гимнастика #2

Косметолог Кэрол Мадджио беттегі және мойындағы 57 бұлшықетті тарттыратын гимнастика ойлап тапқан. Ол — пластикалық хирургияға керемет балама. Ол ұсынған жаттығуларды жасауға көп уақыт қажет емес, таңертең және кешке 15 минут жеткілікті. Жақсы нәтижеге жетудің жалғыз шарты — барлық нұсқамаларды толық орындау.

Басы

4-жаттығу. Бет терісін созылмалы ету

Бастапқы күйге еніңіз. Аузыңызды «О» деп айтқандай ашыңыз. Төменгі жағыңызды ақырын төменге түсіріңіз. Сұқ саусақтарыңызбен бетіңіздің шығыңқы жерін басыңыз. Аузыңызды жаппай, күлуге тырысып, бұлшықеттеріңізді қатайтыңыз. «Күлкіңізді» 30 секундтай ұстап, содан соң жіберіңіз. Осы жаттығуды 10 рет қайталаңыз.

5-жаттығу. Бет сүйегін анық ету

Бастапқы күйге еніңіз. Ерніңізді «И» әріпін айтқандай созыңыз. Ортаңғы саусақтарыңызбен бетіңіздің шығыңқы жерін басып, «И» әрпінен «У» әрпіне көшіңіз. Ерніңізді барынша алдыға шығарып, 10 секунд ұстаңыз. 10 рет қайталаңыз.

6-жаттығу. Мұрынды жинақы ету

Жас ұлғайған сайын мұрын жинақы пішінін кетіре бастайды. Бұл жағдай орын алмас үшін сұқ саусағыңызбен мұрын ұшын максимум жоғары көтеріп, жоғарғы ерніңізбен оны керісінше төмен тартуға тырысыңыз. Максимум кернеу кезінде 10 секунд ұстап, содан соң жіберіңіз. Осы жаттығуды 10 рет қайталаңыз.

7-жаттығу. Ерін бұрыштарын көтеру

Бастапқы күйге еніңіз. Тісіңізді бір-біріне тигізбей, ерніңізді қысыңыз. Сұқ саусақтарыңызбен ерін бұрыштарын жоғары көтеруге тырысыңыз. Осы жаттығуды 10 рет қайталаңыз.

8-жаттығу. Ерін пішінін анық ету

Бастапқы күйге еніңіз. «Үйрек» ерін жасап, 10 секунд тұрыңыз. Содан соң барынша кең күлкі жасаңыз. Бұл қалыпта да 10 секунд тұрыңыз. 10 рет қайталаңыз.

9-жаттығу. Мұрын мен ерін әжімдерін кетіру

Бастапқы күйге еніңіз. Аузыңызды «О» деп айтқандай ашыңыз. Сұқ саусақтарыңызбен мұрын ұшының жанынан бастап самайға қарай жылжыңыз. Аузыңызды ашық күйінде сақтап, саусақтарыңызбен мұрыннан самайға қарай 10 рет жылжытыңыз. 

10-жаттығу. Мойынды бекіту

Бұл жаттығуды жатып жасаған жөн. Мойныңызды алақаныңызбен ұстаңыз. Басыңызды еденнен 1 сантиметрге көтеріп, сол қалыпта 30 секунд тұрыңыз. Содан соң қайтадан басыңызды түсіріңіз. Осы жаттығуды 30 рет қайталаңыз. 

11-жаттығу. Бет пішінін анық ету

Бастапқы күйге еніңіз. Ерніңізді ашпай, астыңғы жағыңызды барынша алдыға созыңыз. Максимум нүктеге келгенде 10 секунд ұстаңыз. Осы жаттығуды 10 рет қайталаңыз. 

12-жаттығу. Жалпы тонус

Бастапқы күйге еніңіз. Сұқ саусақтарыңызды ерін бұрыштарына қойып, айналмалы қозғалыспен жаққа қарай көтеріңіз. Содан соң самайға қарай барып, бет пішіні бойынша жүріп, иекке келіңіз. 10 рет қайталаңыз.