- Негізгі бет
- Сымбат
- Бетке арналған бал...
Бетке арналған бал маскасын қолдан жасаймыз
Бал бет күтіміне көмектеседі. Өйткені балдың құрамында бетті қоректендіретін витаминдер бар. Бал маскасын барлық адамның бет терісі жақсы қабылдайды.
Бал мен сұлы жармасы
Үйдегі күтім дәл осы бал мен сұлы жармасынан басталуы керек. Өйткені бал мен сұлы жармасын араластырып бетке жақсаңыз, нәтижесі көп күттірмейді. Бал бетіңізге пайдалы заттар берсе, сұлы жармасы бетті тазартып, ылғалдандырады. 2 ас қасық сұлы жармасын 3 минут суға қайнатасыз, бөлме температурасында суыған соң, оған бір ас қасық бал қосасыз. Қоспаны араластырып, бетіңізге жағасыз, 15 минуттан кейін жылы сумен жуып тастайсыз.
Бал, лимон, сода
Ас содасы бетке шыққан түрлі бөртпемен күрессе, лимон бет терісіне әр береді. Бұл маска әсіресе майлы бетке жақсы көмектеседі. Бір ас қасық бал мен лимон сығындысын, бір ас қасық ас содасын араластырып, 10 минутқа бетіңізге жағасыз. Лимон мен бал қоспасы бетті қышытуы мүмкін, ондай жағдайда тез арада бетіңізді сумен жуыңыз. Кейін лимонның 2-3 тамшысын ғана қосып, аталған масканы қайталап жасауға болады.
Бал мен жұмыртқа
Бір ас қасық бал мен бір жұмыртқаның сарысын араластырып, қоспаны бетке жағасыз. 20 минуттан кейін сумен жуасыз. Бұл маска бетті тартып, терінің жарқырауына үлес қосады. Сондай-ақ шикі жұмыртқаның ағы мен бір ас қасық бал қосып та осындай маска жасауға болады. Оны да бетке 20 минутқа жағып, жылы сумен жуып тастайды.
М. Оңғарова