- Негізгі бет
- Сымбат
- Бетке арналған арзан...
Бетке арналған арзан маскалар
Қалтаға салмақ салмай-ақ, бетке үй жағдайында күтім жасауға болады. Ол үшін бізге жұмыртқа, бал, желатин, сүт, су т.б. заттар керек.
Жұмыртқа маскасы
Жұмыртқаның ағы мен сарысын бөліп аламыз да, ағын бетке жағамыз. Бет тартылып, сәл ашиды, жұмыртқаның ағы кепкенін күтіп, 15 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаймыз. Бетті сүртіп, кептіріп, енді бетке жұмыртқаның сарысын жағамыз. Оны бетте 6-7 минуттай ұстап, жылы сумен жуамыз. Бет әрленіп, ағарады, беттегі артық дақтар жоғалады. Аптасына 3 рет істеу керек.
Желатин мен сүт маскасы
1 ас қасық желатинге жарты қасық су, 1 қасық сүт қосып араластырамыз. Оны жылыту пешіне 10 секундқа қойып, бетке жағамыз. 30 минуттан кейін масканы жылы сумен жуамыз. Бұл - маңдай, иек, мұрындағы қара нүктеге қарсы маска. Аптасына 2 рет істеуге болады.
Бал мен сүт маскасы
1 ас қасық бал мен 3 ас қасық сүтті араластырып, бетке жағамыз. 15 минуттан кейін жуып тастаймыз. Маска беттің өңін ашады. Аптасына 2 рет істеңіз.
Сурет: myvidaspa.com
Р. Роза