- Негізгі бет
- Сымбат
- Бет теріңіз қандай?...
Бет теріңіз қандай?
Оны анықтау үшін төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, «Иә» деген жауаптарыңызды санап көріңіз.
Бірінші бөлім
1. Теріңіз тегіс (яғни майланып жылтырап тұрмайды).
2. Сабынмен жуынғанда теріңізде ешқандай өзгеріс байқалмайды (тартылып тұрғандай әсер жоқ).
3. Безеу сияқты дақтар жоқ.
4. Бетіңіз желден жарылмаған.
5. Бет теріңіз тегіс әрі жұмсақ.
Екінші бөлім
1. Теріңізде безеулер жоқ.
2. Бетіңізді сабынмен жуғаннан кейін тартылып тұрғандай әсер бар.
3. Табиғи факторлардан кейін теріңіз қабыршықтанады.
4. Желді күн райынан кейін теріңіз жарылып кетеді.
5. Цитрус жемістерін жеген соң бетіңізде қызыл дақтар пайда болады.
Үшінші бөлім
1. Бетіңізде қара дақтар бар ма?
2. Безеу немесе бөртпе бар ма?
3. Теріңіз майланып жылтырап тұра ма?
4. Бетіңізде ұсақ тесіктер кеңейіп тұрғанын байқайсыз ба?
5. Сабынды сумен жуынғаннан кейін теріңіз жылтырап тұра ма?
Төртінші бөлім
1. Екі ұртыңыз, көз айналаңыз бен шекеңіз қабыршақтана ма?
2. Мойын теріңіз құрғап тұрғандай сезім бола ма?
3. Мұрныңызда, иегіңізде және мұрыныңыздың үстінде қара дақтар бар, кейде безеулер шығып тұрады ма?
4. Мұрныңыз бен шекеңіздің үсті майланып жылтырлап тұра ма?
5. Бетіңіздің терісі біртекті емес сияқты сезім бола ма?
Енді бет терісінің типін анықтайтын уақыт жетті. Егер бірінші бөлімнің сұрақтарының көбіне «иә» деп жауап берсеңіз, бет теріңіз қалыпты, екіншісі – құрғақ, үшіншісі – майлы және төртіншісі – әртекті деген сөз.
Сурет: uznaitut.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina