Бет тазартудағы қателіктер

Бетті жуу – тері күтіміне байланысты ескермеуге келмейтін ең маңызды жора десе де болады. "Мұнда тұрған не қиындық бар?" деуіңіз мүмкін. Біле білсеңіз, бәрі де сіз ойлағандай оп-оңай емес. Дұрыс тазаланбаған бет өте көп қиындық тудыруы мүмкін. Олардың арасында тері тітіркенуі, құрғақтық, безеу, акне, тері майының көп бөлінуі т.б. бар.

Терінің дұрыс тазаруы – тері күтімінің негізі. Онсыз ешбір крем, ешбір тоник қажетті әсерін көрсете алмай қалады. Сонымен, қалай дұрыс жуыну керек? Біз сізге әрдайым алыс болу керек танымал деген 10 қателікті айтпақпыз. 

1. Сіз қажетті құралды таңдамайсыз

Дұрыс таңдалған жуынуға арналған құрал кірді немесе макияжды асқан ұқыптылықпен жуу керек. Солай бола тұра, тері тазалықтан "шиқылдап" тұрмасын. Сізге теріні тазартатын, бірақ құрғатпайтын құралды табу керек. Майлы тері үшін гель, ал сезімтал қалыпты тері үшін көбік немесе мусс дұрыс. Өте құрғақ тері басқаларға қарағанда ұқыпты күтімді талап етеді. Және оған кремдік консистенциясы бар құрал қажет. Есіңізде болсын, бетті сулы сулықпен сүрту дұрыс нұсқа емес.

2. Сіз тым көп жуынасыз

Күніне бар болғаны екі рет – таңертең және ұйқы алдында жуыну әбден жеткілікті. Одан көп жуыну терінің құрғақтығын одан сайын "құтыртып", тері нашарлай түседі. Егер сіз қалыпты терінің қожайыны болсаңыз және күні бойы үйден шықпай, макияж, SPF құрал жақпасаңыз, кешкісін жылы сумен ғана шектеліңіз. 

3. Сіз жуынатын судың температурасы дұрыс емес

Жұмсақ әрі ұқыпты тазалау үшін су бөлме температурасымен бірдей болсын. Су макияжды кетіре алатын және терінің табиғи теңгерімін бұзбайтын болу керек.

4. Бетті тым қатты түлетіп жібердіңіз

Скраб, гоммаж және пилинг қалпындағы қабыршықтандыру пайдалы, бірақ мөлшерімен болу керек. Теріңізді микро жарақаттардан қорғау үшін түйіршікті скрабтардан бас тартыңыз. Дұрысы қант немесе жеміс қышқылдарынан болған эксфолианттарға орын беру.

5. Бетіңізді жеткілікті шаймайсыз

Таңертең қанша асықсаңыз да, кешке шаршасаңыз да жуынуға жеткілікті уақыт бөліңіз. Әйтпегенде, көбік қалдықтары өлген жасушалармен алмасып, саңылауларыңызды бітеп тастайды. Сонымен қатар, мұрын кіре берісі, шаш сызығы, иек деген жерлерді назардан тыс қалдырмаңыз.

6. Сіз қолданатын өнімнің құрамында тітіркендіретін заттар бар

Бояғыш және иіс шығарғыш заттары бар құралдардан қашу керек. Жапсырма қағазын жақсылап оқыңыз және алғалы отырған құралда натрий лаурилсульфаті  (Sodium lauryl sulfate) болмауын қадағалаңыз. Бұл аллергия турдыруы мүмкін.

 7. Сіз бетіңізді сүлгімен қатты сүртесіз

Сүлгімен белсенді сүрту теріні созып жібереді. Сондай-ақ, бет сүртуге арналған бөлек сүлгі арнап қойыңыз. Ол сүлгі суды жақсы соратын болсын. Сіз акнеден зардап шегетін болсаңыз, жұмсақ қағаз сулықтарды пайдаланыңыз.

8. Сіз жуынғаннан кейін бетті ылғалдауға асықпайсыз

Бетке арналған кремді жуынғаннан кейін бірден жағу керек. Беттің толық құрғап кетуін күтпеңіз. Өте құрғақ тері кремнің бойындағы пайдалы ингридиенттерді нашар сіңіреді. Кремді жаққаннан кейін майлы немесе жабысқақ болып тұратындығы да осы себептен.

9. Сіз тым қымбат құралдарды сатып аласыз

Егер сізде тері күтіміне арналған заттарға қыруар қаржы жұмсау мүмкіндігі болып тұрса, дұрысы қымбат крем немесе сарысу сатып алу. Олар жуыну құралдарына қарағанда теріде ұзақ уақыт сақталады.

10. Сіз тазартуға арналған майды қолдануға қорқасыз

Шын мәнінде, май тіпті майлы әрі қиындығы мол терінің өзін жақсы тазартады. Нақтырақ айстақ, майды май жақсы ерітеді. Май кірден немесе бактериядан бекітілген саңылауларды ашып, теріні тыныштандырады, табиғи теңгерімді қалпына келтіреді. Бадана майын немесе жүзім сүйегінің майын алуға тырысыңыз. Бұларды дәріханадан табасыз. Майды теріге жағыңыз, жақсылап уқалап, суға малынған түкті сулықпен сүртіңіз.

Дайындаған: Бұлбұл Дәрібаева

Сурет:lovely-face.ru