Бет пішінін біле отырып, үйлесімді шаш үлгісі пен макияжды таңдауға болады. Дегенмен, бүгінде сұлулық стандарттары жылдам өзгереді. Атақты актрисаларға, модельдерге және басқа да танымал адамдарға қарап отырып, түрлі бет пішінін табуға болады. Өйткені сұлулық әртүрлі. Нақтырақ айтсақ, бет пішіне ғана бола уайымдауға болмайды, себебі оның маңызы айтарлықтай жоқ. Дегенмен білу артық етпейді
Қандай бет пішінің түрлері бар?
Сопақ бет. Иек дөңгелектеніп келеді. Иек және бет сүйектері анық байқалмайды. Беттің ұзындығы мен ені үш те екіге келеді.
Дөңгелек. Сопақ бетке көбірек ұқсайды, дегенмен ені екіден көбірек болады.
Ұзын сопақ. Бұл жерде де ұзындық пен ен арасында ғана айырма бар. Бетті ені екіден аз болады.
Төртбұрышты бет. Маңдайы кең, бет сүйеутер анық көрінеді. Шаштың өсу сызығы да төртбұрышты келеді.Ұзындық пен ені үш те екіге тең.
Квадрат: Төртбұрышты бетке ұқсайды, бірақ беттің ені ұзындыққа жақын болады.
Үшбұрышты. Оның екі түрі бар: үшбұрышты және аударылған үшбұрыш. Біріншісінде маңдай жағы тар, ал иек сүйектері ірі болады. Ал екіншісінде керісінше маңдай жағы кең болып, иек сүйектері кішкентай келеді.
Ромб. Мұнда тар иек пен кішкентай маңдай бар, ол шаш сызығының арқасында үшбұрышқа қарай тартыла алады. Бұл жағдайда бет сүйектері айқын көрінеді.
Жүрекше бет. Ол тар иекпен және маңдайдың ортасында бұрышпен төмен түсетін ерекше шаш сызығымен ерекшеленеді.
Сонымен қатар, бір адам тек бір ғана пішінмен шектелмейтінін естен шығармаған жөн. Кей адамда бірнеше бет пішінінің белгілері байқалады.Сондықтан, егер сіз өзіңізді қандай да бір санатқа жатқыза алмасаңыз, мұңаймаңыз, тек өзіңіздің бірегейлігіңізді қабылдаңыз.