Қазіргі экологиялық проблеманың салдарынан бетіміз жиі қабыршақтанып, құрғап, не майланып кетеді. Сондықтан бетімізге арнайы күтім қажет. Бетті балғын күйде ұстайтын, нәрлендіретін әдістермен таныс болыңыздар:
1. Минералды су
Егер бетіңіз майлы болса, құрамында тұзы көп минералды сумен жуыныңыз. Ал егер бетіңіз құрғақ болса, минералы аз сумен жуынған абзал.
2. Мұз
Бетті жуғаннан кейін мұзбен сүртіңіз. Минералды суды мұз сақтағышқа құйып, күнделікті таңертең бетіңізді сүртіп тұрыңыз. Минералды мұз әжімнен құтылуға көмектеседі. Егер бетіңізге безеу жиі шығатын болса, минералды судың орнына түймедақ қайнатпасын құйып, мұздатыңыз.
Оны жасау үшін:
- 3 ас қасық дәрілік түймедақ;
- 300 мл минералды су.
Кішігірім кәстрөлге минералды суды құйып, түймедақты қосыңыз. Отқа қойып, қайнатыңыз. Суығанынша күтіңіз.
3. Тоник
Иісмай жағудың алдында бетіңізді тоникпен ылғалдандырып алыңыз.
Көк шай мен жалбыз тонигі:
- 50 грамм көк шай;
- 50 грамм жалбыз;
- 100 грамм су;
- 1 шай қасық лимон шырыны;
- 20 мл спирт
Көк шай мен жалбызға қайнаған су құйыңыз. Шөптерді тұндырып қойыңыз. Суығаннан кейін сүзіп алыңыз. Тұнбаға лимон шырыны мен спирт қосыңыз.
Тоникті тоңазытқышта сақтаңыз. Сонымен қатар 2 аптадан кейін жарамсыз болатынын ескеріңіз.
4. Көзіңіз ісіп кете беретін болса
Қара шай қалташасын қайнатып, 5-10 минутқа көзіңізге қойыңыз.
5. Макияж алдында
Макияж жасау алдында міндетті түрде бетіңізге иісмай жағыңыз. Бетіңізді тоникпен сүртіп (3), бірден иісмай жағыңыз. Содан кейін макияжға кірісуге болады.
Сурет: plus.google.com
Оқи отырыңыз:
Шашты жібектей ету үшін...
Иісмайдың зияны бар ма?
Косметика жайлы қызықты фактілер
Жігіттердің арманындағы ботагөз ару болу оңай ма?