- Негізгі бет
- Сымбат
- Бет күтімі жайлы...
Бет күтімі жайлы бірер кеңес
Кез келген әйел заты бет ажарының әдемі болғанын қалайды. Ол үшін сән салонына барып, қымбат рәсімдерді жасау міндетті емес, үй жағдайында да күтім жасауға болады.
Күтім
Күнде таңертең салқын минералды сумен жуыныңыз. Суға лимон шырынын қоссаңыз, беттегі ұсақ тесіктер тарылады.
Ұсақ тесіктерді тарылту үшін айран, қара нан жұмсағы, лимон шырыны көмектеседі.
Сонымен қатар оларды тазатып, тарылту үшін косметикалық саздың құрамында жасалған маскалар көмектеседі. Егер бетіңіз құрғақ болса, сазды кепкенше ұсақтаудың қажеті жоқ.
Макияж
Егер тоналды кремге бірнеше тамшы тартатын іріткі қоссаңыз, лифтинг құрамына айналады. Егер теңейтін (матирующий) іріткі қосатын болсаңыз, ұсақ тесіктерді тарылтады. Ал ылғандандырғыш құрал бет реңін ағартады.
Ұсақ тесіктер кеңейген аумаққа жылтыр иісмай жақпаңыз. Оның орнына опа не теңейтін тон жағыңыз.
Бронзатор опасы да ұсақ тесіктерді айқындатуы мүмкін.
Ал шабдалы-алқызыл далап (румяна) беттегі ұсақ тесіктер, безеу не бөртуді білдіртпей, өңіңізді ашығырақ етеді.
Мұрынның екі шетіне консилер жағыңыз. Себебі ол аумаққа қара нүкте, кеңейген ұсақ тесіктер жиі шығып кетеді.
Ф. Абилова