- Негізгі бет
- Сымбат
- Бет күтімі: жаттығу...
Бет күтімі: жаттығу жасау
Қазір фитнестің түр-түрі бар. Соның ішінде бетке арналған жаттығулар ең қарапайым да пайдалы түріне жатады. Бетке фитнес жасау үшін ешкімге ақша төлемейсіз, өзіңіз-ақ үйде айналыса бересіз әрі оның денсаулыққа еш қаупі жоқ. Бетті жаттықтырсаңыз, дене мен ой да бір арнаға түседі.
Адам бетінде 57 бұлшықет бар. Олардың әрқайсысы ерекше күтімді қажет етеді. Бет терісі тегістеліп, қылтамырларға қан таралуын қамтамасыз еткіңіз келсе, жиі жаттығу жасаңыз.
Өмірде барлық жағдай ішкі ойға байланысты. Бет фитнесіне кіріспес бұрын, денеңізді толығымен босаңсытып, өзіңізді үлбіреп тұрған жас та нәзік сезініңіз. Бетіңіздің терісі сәбидің бетіндей жұмсақ, балғын деп ойлаңыз. Әр жаттығу сайын жасарып, бұлшық етіңіз жаңарып жатқанын сезініңіз.
Маңдай бұлшық етін жаттықтыру. Сұқ саусақты қастың үстіне қойып, төменге қарай тартамыз. Ал маңдайды жоғары көтереміз. Бұл жаттығуды орындау кезінде әжім түсіріп алудан абай болыңыз. Жаттығуды күніне 10 рет 5-10 секундтан қайталаңыз.
Көздің айналасындағы бұлшық етке фитнес. Көзіңізді қатты сығырайтыңыз. Алайда, әжім түсіріп алудан абай болыңыз. Мұндай жаттығулар көздің астындағы әжімдерді азайтуға көмектеседі. Бұл жаттығуды да 10 рет 5-8 секунд орындаңыз.
Беттің төменгі бөлігіне арналған жаттығу. Ерніңізді «о» әріпі секілді алдыға шығарып, күлімсіреуге тырысу керек. Осы кезде жақтағы бұлшықет шынығады. Бұл жаттығуды 8-10 рет жасаңыз. Сәттілік!
@. @assel_assanova