Қазір шаш үлгілерінің түр-түрі бар. Және әрқайсы өзінше ерекше әрі тартымды. Мысалы, қазір қыздар арасында «бант» шаш үлгісі өте танымал. Ал негізінде мұны ең алғаш Леди Гага трендке енгізген болатын. Оның бейнесіндегі осы шаш үлгісі талай бойжеткенді қызықтырып, әр шаштараз маманы оны қалай жасау керектігін үйренуге кірісті. Бір қарағанда қиын көрінгенімен, бұл шаш үлгісін жасау оңай екен. Сіз де үйреніп алып, шашыңызға жаңа көрік беріп көріңіз.
Қажет заттар:
шпилькалар түйреуіштер резеңке шашқа арналған лакБұл шаш үлгісі ұзын шашты аруларға арналған. Егер шашыңыз ұзын, бірақ толқынды болып келсе шаш түзулеткішпен түзулетіп алыңыз.
Егер шашыңыз өте ұзын болса, шашыңызды ұзындығы бойынша екіге бөліп, резеңкемен төбеңізге қыстырып байлаңыз. Пайда болған түйінді артық қалған шаш ұштарымен екіге бөліп, астыға қарай қыстырып қоюға болады.
Сонымен қатар, ұзын шаштың тең бір бөлігіне ғана «бант» жасап, қалған бөлігін жібере салып, жиын, кештерге сәнді шаш үлгісін жасап баруға да болады. Оны қалай жасау керектігі жайлы төмендегі видеодан көре аласыздар.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/AXRsJy9Rzdc","width":"450","height":"338"});
Сурет: all-hair.ru, grebeshochek.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина