- Негізгі бет
- Сымбат
- Балғындыққа бөлеңіз...
Балғындыққа бөлеңіз
Күн шуағын шашып, күннен-күнге ысып келеді. Бүгінгі мейрамды пайдаланып, сүйікті ер азаматыңызға жақсы антиперспирант немесе дезодорант сатып алатын уақыт келді.
Терден қорғайтын құрылғы сатып алмас бұрын, сыйлайтын адамыңыздың антиперспирант, не дезодоранттың қайсы жағатынын біліп алғаныңыз жөн. Дезодорант – бірінші кезекте жағымсыз иіспен күресетін құрылғы (қатты тершең емес адамдарға), ол амбрелерді жоя алғанымен, тершеңдікпен күресе алмайды. Тағы бір ескеретін жайт, егер сүйіктіңіздің терісі тітіркенуге бейім болса, құрамында спирті бар дезодорант сыйламаңыз. Бұны көбіне қырынған соң пайда болатын бөртпеден байқауға болады. Егер жиі бөртетін болса, спиртті дезодорант пайдаланбағаны дұрыс, өйткені қолтық асты терісі бетке қарағанда екі есе сезімтал.
Антиперспирант тершең адамдарға көмек болар бірден-бір құрылғы. Құрамындағы алюминий мен цинктің органикалық тұз көмегімен тер бездерін тарылтып, біраз уақытқа терді басады. Өндірушілер антиперспиранттардың крем, гель, роликті құтыдағы сұйықтық сияқты небір түрлерін жасайды. Көптеген эксперттердің айтуынша, гель түріндегісі киімде із қалдырмай, жалпы өз міндетін жақсы атқарады. Алайда, мұндай құтыны сүйіктіңізге сыйламас бұрын, оны пайдалануды үйретіңіз:
1. Антиперспирантты күніне бір рет қана пайдаланған жөн: тер бездерінің қабынуы мүмкін.
2. Антиперспирантты (дезодорантты да) тек қана таза, құрғақ теріге жағу керек.
3. Антиперспирантты түнде жаққан дұрыс. Жеті-сегіз сағат ұйқыда тер бездері жұмысын тоқтатады, осы кезде антиперспиранттың құрамындағы заттар (алюминий немесе цинк тұздары) теріге сіңіп, без жолдарына тосқауыл қойып үлгереді.
4. Антиперспирантты душ қабылдағаннан кейін жағу тиімсіз болып саналады. Без жолдары суға толып, құрылғы сіңбей, киімде аппақ дақ болып қалады.
5. Антиперспиранттарды дұрыс пайдаланбау ағзаның жылулық теңгерімін бұзуы мүмкін. Сол себепті қатты терлейтін дененің басқа жерлеріне жақпай, тек қолтыққа ғана жағу керек.
6. Спортпен шұғылданар алдында антиперспирант пайдаланбаған жөн.
7. Және де жағажайға барардың алдында антиперспирант қолданудан бас тартқан дұрыс: күн сәулесінің әсерінен құрылғы пигмент дақтардың пайда болуына әкелуі мүмкін.
Сурет: segodnya.ua
A. Mustafina