- Негізгі бет
- Сымбат
- Азия аруларының сұлулық...
Азия аруларының сұлулық сырлары
Кореялық жұлдыздардың бет терісінің әдемілігіне қай-қайсымыз болсын тамсанамыз. Олардың бар сыры бет терісін күнделікті күтетіндігінде. Сонымен қатар, бірнеше жанама факторларды да айтуға болады: дұрыс тамақтану, әрдайым күліп жүру және ұйқыны қандыру. Төмендегі кеңестерге құлақ ассаңыз, Азияның аруларындай жарқырап жүресіз деген сенімдеміз.
1. Жеткілікті мөлшерде су ішу
Әр таңыңызды 1 стақан жылы су ішумен бастап, бірнеше минут бойы бетіңізді суық сумен жуыңыз. Тамақтану рационыңызға жеміс-жидектер мен көкөністерді көптеп қосыңыз. Олардың құрамындағы су денеңіздегі су мөлшерін жеткілікті деңгейде ұстап тұрады.
2. Пилинг
Аптасына 1-2 рет пилинг жасап тұрыңыз. Пилинг – беттің үстіңгі қабатындағы қабыршақтанған, өлген жасушаларды тазарту.
3. Күнделікті бетті тазартып отыру
Күн сайын жатар алдында беттегі макияжды сүрту әрбір арудың әдетіне айналған. Бірақ тереңдетіп тазалау (кірден, терден, майдан, қара дақтардан тазарту), массаж жасау сіздің жұмсақ бет терісіне ие болуыңызға көмектеседі.
4. Маска
Кореяда да, бүкіл әлемде де маскалар кең тараған. Аптасына бір рет мына маскаларды бетіңізге жасап жүріңіз: бірінші – тазалауға арналған маска, одан кейін ылғалдандыратын немесе нәрлендіретін маска. Үй жағдайында жасалатын маскалардың ең танымалы жұмыртқаның ағы мен балдан жасалған маска. Атақты актриса Ко Хен Джон мойын терісіне де маска жасауға кеңес береді, оның ойынша, әдемі күтілген мойын да адамның ажарын ашады.
5. Көзге арналған иісмайлар жағу
Күн сайын жұмыстан келгенде көздің айналасы қарауытып тұрғанын кім ұнатсын? Мұндай жағдайда көзге арналған кремдер жақсы шешім. Жаңадан еріген мұздың суына бетіңізді бір батырсаңыз, көз айналасындағы тітіркенуді баса аласыз.
6. Күндізгі және түнгі ылғалдандыру
Әдемі теріге ие болу үшін күнделікті күндізгі және түнгі ылғалдандыратын крем жағып жүріңіз. Жұлдыздар ылғалдандырғыш кремдерді жаз мезгілінде де қолданады.
7. Жаттығу жасаңыз
«Ма Ме Мо Му Ми Мо» Бұл кореялық жұлдыздардың күніне 10 рет ауыздарын барынша ашып қайталайтын буындары. Жақ пен еріннің бұлшық еттеріне пайдасы өте көп. Жоғарыдағы Ко Хен Джон мұның ең оңай тәсілі көп күлу екенін айтады. Күн сайын күліп жүрсеңіз, жаныңызға да, тәніңізге де рахат сыйлайсыз.
8. Теріңіз құрғамасын
Бет терісі үнемі ылғалданып тұруы қажет. Ол үшін арнайы спрейлер де бар. Осы спрейлерді күнделікті бетіңізге сеуіп тұруды ұмытпаңыз.
9. Массаж жасаңыз
Массаж бет терісіне әжімдердің ерте түсуіне кедергі болады.
Дайындаған: Назерке Смағұл
Сурет: dreamstime.com, elle.co
Y. Smaghul