- Негізгі бет
- Сымбат
- Әйелдер ерлерге қарағанда...
Әйелдер ерлерге қарағанда көбірек ұйықтауы керек
«Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» дейді қазақ. Ал шетел ғалымдарының зерттеуіне сүйенсек, әйел адамдар ер азаматтарға қарағанда 20 минут артық ұйықтауы тиіс екен. Олардың миы жігіттерге қарағанда ынталы түрде жұмыс істейді.
Англиядағы Лафборо университетінің зерттеу орталығы орта жастағы 210 ер мен әйел қатысқан тәжірибе жүргізді. Зерттеу қорытындысы бойынша ми келіп түскен ақпараттарды қорыту үшін күндіз көбірек жұмыс істеп, біраз уақытты қажет етеді екен.
Әйелдер көпқызметті жағдайларға жиі тап болады, яғни бір сәтте бірнеше сұрақтың жауабын тауып, бірнеше мәселені шешуі қажет. Осы кезең аралығында жұмсаған күшін қайта қалпына келтіру үшін ағза ұзағырақ ұйқыны талап етеді.
Мұндай жағдай ер адамдардың басына жиі түспейді. Егер олар да бір күнде қатарынан бірнеше мәселені шешуге мәжбүр болса, олар да қуатын қалпына келтіру үшін әдеттегіден ұзағырақ демалғаны жөн.
Бір қызығы сол, тәжірибе қорытындысы күшті қалпына келтіру мақсатында ұйқы уақытын қадағалау ер мен әйелге екі түрлі әсер ететінін дәлелдеген. Әйел адамдар жұмсалған күш орнына жеткілікті деңгейде тынықпайтын болса, жүйкесі жұқарып, стрестік, депрессиялық жайға шалдығады, ал ер адамдар демалмаса да ағзасында, жүйке жүесінде еш өзгеріс болмайды.
@. @assel_assanova