Әйел адамның ағзасы нәзік болғандықтан ерекше күтімді қажет етеді. Әрі үй шаруасы, бала босану, бала күтімі т.б физикалық өзгерістер әйел ағзасына әсер етпей қоймайды. Сондықтан қыз-келіншектердің әдемілігін сақтап, денсаулығы мықты болуы үшін дәрумендерге толы, пайдалы әрі құнарлы тағамдарды жегені жөн. Ал ол тағамдардың тізімі төмендегідей: 1. Балық (гормондар үшін) 2. Брокколи (қатерлі ісікке қарсы) 3. Бұршақтар (дене сымбатын сақтау үшін) 4. Сұлы (күш-қуат үшін) 5. Зәйтүн майы (сұлулық үшін) 6. Жаңғақтар (ақыл-ой үшін) 7. Жеміс-жидектер (жастықты сақтау үшін) 8. Сүт өнімдері (сүйектердің мықтылығы мен терінің әдемілігі үшін). Сондай-ақ, көңіл-күйдің жақсаруы үшін аз мөлшерде шоколад жеп тұрғанның артықтығы жоқ. Дереккөз: jastar.kz