Еліміздің өңірлерінде аязды күндер басталды, сондықтан жылы жүріп, бет күтімінің ерекше түріне көшкеніміз абзал. Себебі аяз бен жел беттің терісін құрғатып жібереді.
Бетті ыстық сумен жууға болмайтынын білетін шығарсыз, ал косметологтар алдын ала арнайы қайнаған су дайындап қоюға кеңес береді.
Бұл күндері теріні терең тазалайтын пилингті қолдануға болмайды, оның орнына иісмай түріндегі гоммажды пайдаланған жөн. Сондай-ақ күнделікті макияж тазалауға құрамында спирті бар лосьон емес, косметикалық сүтті қолданыңыз. Далаға шығардан бір сағат бұрын нәрлендіргіш иісмайды, 10–15 минут өткен соң қыстық тоналды кремді жағыңыз. Себебі жаққан бойда аязға шықсаңыз, теріні құрғатып, тіпті жарып жібереді.
Бет күтімінде есте болатын маңызды нәрсенің бірі – бір брендтің қысқа арналған косметикалық заттарын пайдалану.
Кешке бетті тазалағаннан кейін, ылғалдандырғыш иісмайды жағыңыз. Ұйықтағанда тері құрғамас үшін ыдысқа су құйып қойған да пайдалы.
Қысты күндері көптеген адамның ұйқысы қанбайды. Жұмыста қалғып-мүлгіп отырмас үшін кофе, шай ішіп жатамыз. Алайда ағзаға пайдалысы - су, сол себепті күніне 1,5–2 литр су ішуге әдеттенген дұрыс.
Сіздің тамақ мәзіріңіз ет, бауыр, сүт, жұмыртқа, бал және балық, көкөністер мен жемістерден тұрғаны абзал, себебі мұнда теріге қажетті дәрумендер бар. Кейбіреулер дәріханадан дайын дәрумендерді сатып алып жатады. Дегенмен аязды күндері тамақты мезгілімен ішу сіздің бойыңызды жылытып, күш-қуат береді.
Сурет: purpurpur.ru
Оқи отырыңыз:
Бет тазалаудың кешкі ережелері
Қысқы бет күтімінің ерекшеліктері
Бетке үй жағдайында күтім жасап үйренейік
Бет күтіміне арналған кеңестер