Қыздардың көпшілігі аяқтарының ұзын болғанын қалайды. Бұл жағдайда көмектесетін қарапайым тәсілдер бар.
1. Nude түсті аяқ киім
Ең қарапайым кеңес – теріңіз түстес туфли немесе басқа да аяқ киім түрін таңдау. Ол сарғыш немесе қоңыр болуы мүмкін. Олар визуалды түрде аяғыңыздың жалғасы ретінде көрінеді. Мұндай аяқ киім ді жалаң аяққа киіп, белдемшемен, көйлекпен немесе қысқартылған (тобығы ашық тұратын) шалбармен үйлестіріңіз.
2. Белі жоғары тұратын шалбар немесе белдемше
Белі жоғары тұратын шалбарлар мен белдемшелер визуалды түрде аяқты ұзартып көрсетеді. Оның үстіне белі жоғары тұратын шалбарлар мен белдемшелер сәнге айналды, оларды сәнқойлардың киім үлгісінен жиі кездестіруге болады.
3. Асимметриялық пішім
Белдемшелер де аяқты ұзартып көрсете алады. Ол үшін оның пішімі асимметриялық болуын және ондағы элементтер тігінен орналасқан болуын қадағалаңыз. Белдемшеде диагональ ендірме ілгек, қиық, түссіз мата ендірмесі және т.б элементтер болуы мүмкін.
4. Тік жолақ
Бұл тәсіл бұрыннан әйелді ұзын әрі сымбатты етіп көрсетуге қолданылып келеді. Егер тік жолақтар өте жіңішке емес және барынша қарама-қарсы түстерден жасалған болса, жақсы нәтиже береді.
5. Өкшесі бар аяқ киім мен кең балақты шалбар
Осы мерзімде де кең балақты шалбарлар сәнде болатынын білеміз. Бұл кезде екі сәтті ескеру керек: біріншіден, мұндай шалбарды өкшесі бар аяқ киіммен кию керек, екіншіден, кең балақты шалбар аяқ киімді толықтай жауып тұратындай ұзын болуы керек.