- Негізгі бет
- Сымбат
- Автозагарды қолдану құпиялары...
Автозагарды қолдану құпиялары
Автозагардың ең басты артықшылығы - оның ешқандай да зиянының жоқтығында. Сіздің күнге күю қаупіне ұшырамастан немесе тағы да басқа сондай зиянды жағдайларға тап болмастан-ақ теріңізге қола түсті рең беруге мүмкіндігіңіз бар. Автозагар құралдарының қанықтық деңгейін өз ыңғайыңызға қарай бейімдей аласыз. Мәселен, бүгін «шокалад түсті мулат қыз» болсаңыз, ал бір аптадан соң, теріңіздің реңін аздап алтын түске өзгерту қиын емес. Кей сәттері күн шуағының әсерінен бетіңіздің реңі алтын түске боялса, аяқтарыңыз сол күйінде қалып жатады. Ал автозагар осы терінің әр түрлі аймақтарының реңін біркелкі етуге таптырмас көмекші.
Автозагарды жағарда мынадай қағидаларды есіңізде сақтағаңыз:
- Рәсімді орныдамас бұрын, скрабпен теріңізді жақсылап тазартыңыз, бірыңғай теріге автозагар да біртегіс жағылады.
- Рәсімді таңертең өткізуге кеңес береміз, өйткені жатар алдында жасасаңыз, ұйықтағанда автозагар жағылып кетуі мүмкін.
- Шаштарыңызды, ерініңізді, қастарыңызды және тырнақтарыңызды сақтаңыз, автозагар оларды басқа түске бояп жіберуі мүмкін.
- Автозагарды жақсылап жуынып болғаннан кейінгі таза, құрғақ теріге қолданыңыз.
- Теріге автозагардан бұрын, арнайы суландыратын сұйықтықтарды жағыңыз, бірақ оған 10-15 минуттай жақсылап нәрленуге мүмкіндік беру керек.
- Автозагарды төменнен жоғары қарай айналдыра уқалап жағып шығыңыз.
- Дененің табиғи қыртыстарын,тізе мен шынтақты автозагардың өте жұқа қабатымен жабыңыз,ал қолтыққа мүлде тиіспей-ақ қойыңыз.
- Арқаңызға автозагар жағуға өзіңіздің шамаңыздың келмейтіні анық, сондықтан да құрбыңыздан көмек сұраңыз.
- Бетіңізде маска киіп алғандай әсер болмас үшін, әсіресе иектің мойынға өтер тұсына автозагардың ұқыпты жағылуын қадағалаңыз.
- Дененің барлық аймақтарындағы тері реңінің біркелкі болуын қадағалаңыз, самай және құлақ тұстарына жағуды ұмытпаңыз.
- Соңында қолыңызды сабындап жууды ұмытпаңыз!
Сурет: ladymag.info.
С. А