Авокадо – пайдалы әсері мол америкалық жаңғақ. Оның бетімізді ылғалдап, жұмсартатын қасиеті бар.
Назарларыңызға авокадо маскаларының бірнеше түрін ұсынамыз:
Қарапайым бетке арналған масканың жасалу жолы:
1. Піскен авокадо жұмсағын бетіңізге жағыңыз.
2. 15 минут өткен соң салқын сумен жуып тастаңыз.
Бұл масканы аптасына бір мезгіл пайдалану жеткілікті. Авокадоның жұмсағы бетіңізге қорған болып қана қоймай, ерте қартаюдан сақтайды.
Жартылай майлы, жартылай құрғақ бетке арналған масканың жасалу жолы:
1. Авокадоның жұмсағын ұсақтап турап, 1 ас қасығын шикі жұмыртқамен араластырыңыз. Оған бір шай қасық бал мен жарты ас қасық бидай ұнын қосыңыз.
2. Жақсылап араластырып, бетіңізге жағыңыз.
3. 15 минут өткен соң салқын сумен жуып тастаңыз.
Майлы бетке арналған масканың жасалу жолы:
1. Жақсы піскен авокадо жұмсағын 1 ас қасығын жұмыртқаның ағымен, 1 шай қасық лайм шырынымен араластырыңыз.
2. Масканы бетіңізге жағыңыз.
3. 10 минуттан соң салқын сумен жуып тастаңыз.
Сондай-ақ авокададан мынадай маска жасауға болады:
1. Піскен авокадо жұмсағының 1 ас қасығын 2 ас қасық ұйыған сүт немесе йогуртпен араластырыңыз.
2. Масканы бетіңізге жағыңыз.
3. 20 минут өткен соң салқын сумен жуыныңыз.
4. Біраз уақыт өткеннен кейін бетіңіздің құрғап, сергігенін байқайсыз.
Құрғақ бетке арналған масканың жасалу жолы:
1. Піскен авокадо жұмсағының 1 ас қасығын сұлы қауызының 1 ас қасығымен араластырыңыз.
2. Бұл қоспаға 3 ас қасық жылы сүт қосып, араластырыңыз.
3. Дайын болған масканы ылғал бетке жағыңыз.
4. 10 минуттан соң жылы сумен жуыныңыз.
Құрғақ бетке авокадо мен банан маскасы жақсы көмектеседі:
1. Піскен авокадо жұмсағының 1 ас қасығын піскен банан жұмсағының 1 ас қасығымен араластырыңыз.
2. Бұл қоспаға жұмыртқаның сарыуызы мен бір шай қасық балды қосып, араластырыңыз.
3. Дайын болған масканы бетіңізге жағыңыз.
4. 15 минут өткен соң жылы сумен жуып тастаңыз.
Нәтижесін осы жерге жазуды ұмытпаңыздар, арулар!
Сурет: siol.net
Оқи отырыңыз:
Алмадан маска дайындауға болатынын білесіз бе?
Балдан шашқа арналған маска жасап үйренейік
Сымбатты болуға көмегін тигізетін арзан құрал туралы білесіз бе?