Медициналық зерттеулерге сәйкес, көп адам ауыз қуысының жағымсыз иісі сынды қиындықпен бетпе-бет кездеседі. Жағымсыз иістен арылу үшін оның не себепті шығатынын анықтаған жөн. Ережеге сәйкес, адам тісін тазаламағанда осындай жағдайға тап болады. Мұнымен қатар, ішкі ағзалары ауыруы мүмкін. Сақтансаң сақтайды демекші, мұндайда дәрігерге барып қаралу артықтық етпейді. Егер ішкі ағзаңызда барлығы дұрыс болса, оның басқа себептерін қарастырайық.
№1 - Ауыз қуысы мен тіс гигиенасы. Адамның ауыз қуысында «қалыпты микрофлора» деп саналатын жүздеген микроб жүреді. Бұл микробтар тамақтанудан кейін қалған ақуызбен тамақтанады. Микробтар ақуыздарды сіңірген соң құрамында күкірті бар заттектер бөліп шығарады. Осы химиялық реакцияның салдарынан ауыздан бұзылған жұмыртқаға ұқсайтын иіс шығады. Бұл жағдайда пастамен тісті жуып, артынша бальзаммен шаю жеткілікті болады. Мұнымен қатар, жұқа бактериялық пленкасы болатын тілді де тазалауды ұмытпаңыз. Оны тіс щеткасының артқы бөлігімен кетіруге болады.
№2 - Қызыл иек немесе тіс мәселесі. Егер жоғарыдағы әрекеттен кейін жағымсыз иіс шыға беретін болса, тіс дәрігеріне көрініңіз. Сіздің жағдайыңызда бар мәселе тіс пен қызыл иектің ауыруына байланысты болуы мүмкін. Мысалы, ауыз қуысы тіні ісіп, тістерді ұстап тұратын ұяшықтардың жойылуы, яғни парадонтоз кезінде осындай жағымсыз иіс шығуы мүмкін. Мұндай ауруға шалдыққан адамның тіс пен иегінің арасында кішкене тесік пайда болады. Артынша сол тесікке түрлі микроб жиналады. Пародонтоз қызыл иектің қанауымен ерекшеленеді. Тіс тасы да жағымсыз иістің шығуына себепші болады. Тіс тасы тұз бен ақуыздан тұратын түрлі микробиологиялық заттектен құралады. Аталған заттектердің қатарына микробтар да кіреді.
№3 - Сілекейдің дұрыс бөлінбеуі. Сілекей ауыз қуысының тамақтан тазаруына жағдай жасайтындықтан, ол да ауыздан жағымсыз иістің шықпауына әсерін тигізеді. Егер жағымсыз иістің таңертең шығатынын байқасаңыз, ағзаңызға судың жетіспегендігі. Су жетіспеген соң сілекей де дұрыс бөлінбейді. Бұл мәселені оңай шешуге болады. Күніне кем дегенде 2,5 литр су ішіңіз.
№4 - Дұрыс тамақтанбау. Біздің тағамды қандай мөлшерде пайдаланатынымызға көп нәрсе байланысты. Алдыңғы қатардағы әлемдік мамандар жағымсыз иістен арылуға көмектесетін диета ойлап тапқан екен. Аталған диета өзгелеріне ұқсайды. Айтарлықтай айырмашылығы да жоқ. Қанттан, ұнды тағамнан, ащыдан және майлыдан түбегейлі бас тартқан жөн. Көкөніс пен жеміс-жидектерге келетін болсақ, күнделікті мәзіріңізде банан, алмұрт, апельсин, алма, қызанақ, жасыл салат, қияр, сәбіз, ақжелкен сынды тағамдар болуы тиіс. Мұнымен қатар, жұмыртқаны, ірімшікті, айран мен сүтті, құрамында магний, селен, Д, С, Е сынды дәрумендері бар тағамдарды тұтынуды ұмытпаңыз.