Кез келген әтір екі жылдан кейін иісі тұрақтылығынан айырылады. Бірақ оның қызмет ету мерзімін ұзартуға болатынын біліп пе едіңіз?
Әтірдің қас жауы не? Олар: дымқылдық, жарық және жылылық. Жуыну бөлмесінде және жуынатын, косметикалық заттар тұратын үстел үстінде иіс суыңыздың сапасы кетеді. Әтір құрамындағы жасмин майын жою үшін оны бір ай терезенің алдына қойсаңыз болғаны. Қажетті майды жою – сіз қалаған иісті жоғалту деген сөз.
Ароматты топтаманы ұзақ сақтаудың ең қауіпсіз жер – жертөле. Ал тоңазытқышта сақтасаңыз, тіпті жақсы. Егер мұндай жағдай болмаса, жарық, жылу және су тимейтін жерде сақтауға тырысыңыз. Бастысы, терезе, жылу батареялары, от және судан алыс ұстаңыз.