- Негізгі бет
- Сымбат
- Әтір мен иіссу...
Әтір мен иіссу айырмашылығы
Сөздік қорымыздағы әтір мен иіссу сөзін кейде синоним ретінде қолдана береміз. Алайда екеуінің айырмашылығы жетіп артылады. Әтір (духи) бағасы қымбат тұрады, ал иіссу (туалетнай вода) мейлінше арзанырақ, қолжетімді бағада. Оның өзіндік себептері де бар.
Әтір дайындалу жолы қиын да күрделі. Құрамы да көп таптырмайтын материалдардан тұрады. Ал иіссу жайы олай емес.
Парфюмериялық құрылымы (бальзам, эфир майы, басқа да құрауыштар):
- әтірде 15-30%;
- иіссуда небары 4–12%.
Спирт мөлшері әтірде 96%, иіссуда 85%.
Парфюмериялық құрауыштар мөлшеріне байланысты әтір иісі ұзақ сақталады да, иіссу хош иісі аз уақытта ыдырап кетеді.
Олардың тіпті сыртқы көрінісі де жер мен көктей болады. Сәйкесінше әтір құтысы ең таңдамалы, тартымды етіп жасалса, иіссу ыдысы қарабайыр түрге ие.
@. @assel_assanova