- Негізгі бет
- Сымбат
- Асыл тастар -...
Асыл тастар - жан мен тән дауасы
Табиғаттың шеберлігі таң қалдырмай қоймайды. Күнделікті әшекей ретінде тағып жүретін асыл тастар денсаулығымызға жағымды әсер беріп, аурулардан аман сақтап, жүйкемізді тыныштандыра алады екен.
Осы тастары бар сырға, алқа, сақиналардың қарапайым әшекейлерден пайдасы да, сымбаты да молырақ болады. Қай тасты таңдайтыныңызды өзіңіздің ішкі дауысыңызға тапсырыңыз.
Кәріптас (янтарь). Тастың атауы "аурулардан сақтану" деп аударылады. Кезінде кәріптастың емдей алмайтын ауруы болмайды деп те саналған. Ол жүрек ауруларына дауа бола алады, жалпы ағзаның қалпына келуіне көмектеседі, қартаюды баяулатады, асқорту жүйесін жақсартып, жаралардың тез сауығуына ықпал етеді.
Бирюза. Бұл тас көз тиюден сақтап, стресстерден демалуға мүмкіндік береді. Жүйке жүйесімен болатын қиындықтарда көмектесіп, тыныштандырады. Жалпы бас ауруларына де көмектеседі.
Мысық көз. Жасушалардың қалпына келуіне көмектеседі, ағзаның қорғаныс қасиеттерін жоғарылатады. Психиканы қалыпқа келтіріп, жүрек қағысын бірсарынды қылады.
Цирконий. Ағзаның күшін қалпына келтіреді, жүйке жүйесіне шипа. Бір затқа ғана көңіл беріп, тиянақты жұмыс жасауға көмектеседі. Шашыраңқылықтан сақтайды.
Лағыл (рубин). Жүрек-тамыр жүйесін нығайтып, қан қысымын реттейді.
Маржан (коралл). Жаралардың тез жазылуына көмектеседі. Өкпемен қиындықтары бар, ентігетін адамдарға киюге ұсынылады.
Аквамарин тасы теңіз ауруынан сақтайды.
Лазурит тасы ұйқысыздықты емдей алады.
Аметист. Бұл күлгін тас жүйке жүйесін тыныштандырып, шаршағандық сезімінен арылтады.
Зүбаржат (изумруд) тасы есті жақсартады деп есептеледі.
Нефрит бүйрек ауруларынан сақтайды.
Меруерт тастары қалқанша безін қорғап, гормондардың жұмысын реттейді.
Топаз асыл тасы эпилепсия мен экземада көмектеседі.
"Ай тасы" әлсірегенде көмектеседі, терең депрессиялардан құтқарады.
Ал сіздің сүйікті тасыңыз қандай?
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: flickr.com, livemaster.ru
С. А