"Астана Аруы - 2021" анықталды

"Астана Аруы - 2021" атағын 21 жастағы Айдана Ахантаева иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Қазақ ұлттық өнер университетін бітірген, қазір елордада музыкалық студияларда фортепианодан сабақ береді.

                                 

Бос уақытында Айдана классикалық музыка тыңдап, шет тілдерін үйренгенді ұнатады.

                                   

Оның отбасында төрт адам бар: әкесі - қолөнерші, ағаштан қазақтың ұлттық ыдыстарын жасайды.

"Бала кезімнен бері әрқашан әкемнің жұмысын бақылап отыратын едім, сондықтан өнерді бойыма сіңіріп, шығармашылық атмосферада өстім. Сол кезде өмірімді шығармашылықпен байланыстырамын деп шешіп, музыка мектебіне бардым. Әкеме өнерге деген сүйіспеншілігімді арттырғаны үшін өте ризамын. Әпкем екеумізді махаббат пен мейірімге бөлеп, тәрбиелеген анама ерекше алғыс айтамын. Ол бізді әрқашан үлкенді құрметтеуге, басқаларға мейірімді болуға үйретті", - деді ол.

                                   

"Қазақстан Аруы" байқауы сұлулық саласында ғана емес, шығармашылық жағынан да өз-өзіңді дамытуға мүмкіндік береді. Көпбалалы отбасынан шыққан дарынды балаларға арналған тегін орталық ашқым келеді", - деп атап өтті ол.

                                   

                                   

                                   

                                   

Алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн түрде өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы 10 финалистің сауалнамасын қарап, фотосуреттері мен визиткаларын көрді, ZOOM-конференцияда қыздармен сұхбат өткізді. Алғаш рет көрермендер қазылар алқасының отырысын және қатысушылардың сұхбатын көруге мүмкіндік алды.
 
Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан Аруы - 2013" иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz