- Негізгі бет
- Сымбат
- Арықтауға не кедергі?...
Арықтауға не кедергі?
Көптеген арулар арықтаудың түрлі амалдарын пайдаланып, мақсатына жете алмай жүреді. Неліктен?
Әрбір диетаны бастамас бұрын онымен толық танысып алу керек. Яғни, диетаның өз ерекшеліктері болады. Сіз таңдаған диетаға қатысты барлық нұсқауларды ескеріңіз.
Сондай-ақ әдетте, диетада не жеу керектігі ғана аталады. Ал нені жеуге болмайтыны назардан тыс қалып жатады. Сондықтан назарларыңызға арықтауға кедергі болатын тағамдардың тізімін ұсынамыз:
Қант. Арықтаймын деушілерге ең алдымен қант қосылған шай мен кофеден бас тарту керек. Сондай-ақ пакеттегі шырындарды да ұмытуыңыз керек. Олардың құрамында қант өте көп.
Картоп. Ағзаға тек жас, пісірілген не қайнатылған картоп пайдалы.
Ұн. Ұнның жоғарғы сұрыпынан жасалған нан-тоқаш өнімдерінен бас тартыңыз. Оларға: ақ нан, тоқаш, бәліштер мен торттар жатады.
Ақ күріш. Оның құрамында крахмал тым көп болғандықтан, дене сымбатына зиянды саналады. Күріштен түбегейлі бас тарту керек емес, бар болғаны аптасына 1-2 порция шамасынан асырмау керек. Оның орнына қоңыр күрішті таңдаңыз. Себебі оның құрамында пайдалы элементтің бәрі қалпында сақталады.
Тез пісірілетін ботқа, мюсли. "Тез дайындалатын таңғы астың" құрамында пайдасыз көмірсулар бар. Сондықтан қарныңыз да тез ашады.
Сорпа. Қайнатылған еттің, тауық еті сорпасының құрамында холестерин тым көп.
Майлы ет, шұжық, сосиска, карбонат. Бұл тағамдар арықтауға кедергі болумен қатар, ағзаға кері әсер етеді.
Шпрот, консерв тағамдары, кептірілген балық. Бұл тағамдардың құрамында май тым көп болғандықтан, арықтауға кедергі болады.
Сары май. Оның құрамында калорий мен май көп. Алайда дәрігерлер сары майдан толықтай бас тартпауға кеңес береді. Оның құрамында А, D, Е, РР дәрумендері және В тобының дәрумендері, майлы қышқылдар, көмірсулар, ағуыз, кальций, калий, темір, магний, марганец, мыс, натрий, фосфор мен мырыш бар. Бұл секілді пайдалы элементтер бет, шаш және тырнақ күтіміне жақсы әсер етеді.
Майонез. Егер майонезден бас тарта алмасаңыз, үйде қолдан жасап көріңіз. Ол әрі пайдалы әрі дәмдірек.
Қытырлақ картоп, кептірілген нан, тұзды жаңғақтар мен "фаст фуд". Бұл тағамдардан бас тарту - кез-келген арықтағысы келетін адамға қойылатын басты талап. Себебі бұл тағамдардың құрамындағы көмірсулар мен май салмақ қосып, дене сымбатын бұзады.
Сурет: twitter.com
Оқи отырыңыз:
Ф. Абилова