- Негізгі бет
- Сымбат
- Арықтауға көмектесетін скраб...
Арықтауға көмектесетін скраб
Артық салмақтан арылуға арналған түрлі диета бар. Алайда салмақ жоғалтқан кезде, дене құрылымы өзгеріп, тері босап, салбырап қалуы мүмкін. Сол үшін әрі арықтататын әрі дене сымбатын қалыпта ұстайтын скраб түрлерін назарларыңызға ұсынамыз.
Геркулес скрабы
100 гр геркулесті 1 ас қасық қайнаған су, 1 ас қасық теңіз тұзымен араластырыңыз. Қоспаға 50 гр ыстық сүт қосып, жақсылап араластыру керек. Содан соң бетке уқалап, жағып, жылы сумен жуып тастаңыз.
Қияр скрабы
Бұл скрабты дайындау үшін 3 қияр, 4 ас қасық ұнтақ кофе мен 4 ас қасық картоп крахмалы керек. Қиярды үккіш арқылы үгітіп, кофе мен крахмал қосыңыз. Жақсылап араластырып, ылғал денеге уқалап, жағыңыз. Көп ұзамай скрабты жылы сумен жуып тастаңыз.
Кофе скрабы
Кофе скрабы целлюлиттен арылуға көмектеседі. Сондай-ақ скрабтан кейін күнге күйгендей денеңіздің түсі қараяды. Оны дайындау үшін 1 ас қасық ұнтақ кофені қаймақпен араластырып, денеге жағыңыз. Жылы сумен жуып тастаңыз.
Бал скрабы
Бал қан айналымын жақсартып, ағзадан артық сұйықтықты шығаруға көмектеседі. Бұдан басқа бал скрабы теріңізді нәзік әрі жұмсақ етеді.
Оны дайындау үшін 2 ас қасық көгілдір сазды (глина) 3 ас қасық теңіз тұзы, 2 ас қасық құрғақ сүт, 1 ас қасық бал мен 5 тамшы жожоба майымен араластырыңыз. Қоспаны денеге уқалап жағып, жылы сумен жуып тастаңыз.
Тұз скрабы
Бұл скрабты дайындау үшін бізге жарты грейпфрут, 5 ас қасық теңіз тұзы мен 1 шай қасық зәйтүн майы қажет болады. Грейпфрут шырынын тұз және маймен араластырыңыз. Қоспаға грейпфрут қабығын үгітіп, қосыңыз. Скрабты денеге қызарғанынша уқалап, жағыңыз. Біраздан кейін душқа түсіп, толықтай жуып тастаңыз.
Ф. Абилова