- Негізгі бет
- Сымбат
- Арықтауға көмектесетін диета...
Арықтауға көмектесетін диета
Әдетте диеталар 7 күнге белгіленетіні бізге мәлім. Бұл диета да сол ұстанымға негізделген.
Диетологтардың ұсынатын диетасының рецепті әдетте мынадай сызбаға негізделеді: алғашқы 3 күн – су күні, бір күн – ағуызды күн, бір күн – көкөніс күні, бір күн – жемісті күн. Соңғы күн – диетаны аяқтайтын күн.
Алғашқы 3 күн бойы тек су, сұйық тағам ішу керек. Яғни, сорпа, бульон ішуіңіз керек. Көкөніс күні орамжапырақ бар салат, жеміс күні жеміс-жидек, әсіресе, грейпфрут жеу керек. Ағуызды күні қайнатылған жұмыртқа мен тауық, табиғи йогуртпен тамақтану керек. Соңғы күні таңғы асқа 2 жұмыртқа мен шай ішіп, түсте сорпа, кешкі уақытта салат жеу керек. Сонымен қоса кешке бірнеше алма жегеніңіз абзал.
Бірінші күн. Диетаны бастаған адамдарға алғашқы екі күн қиынға соғады. Сондықтан диетаны сұйық тағаммен бастаған дұрыс. Ол дегеніміз дүкендегі дайын бульонды ішу емес. Осыны ескергеніңіз жөн. Сорпамен тағамданудың бір жақсысы арықтауға көмектескенімен қоса, өзіңді аш сезінбейсің.
Екінші күн. Жеміс-жидек таңдауда грейпфруттан басқа алма мен киви алуға кеңес береміз. Күніне 5-6 алма жеп тұру диеталық нормаға сай.
Үшінші күн. Диета нормасы бойынша күніне 1,5 литр айран ішуіңіз керек. Айран асқазан мен ішекті тазартады. Егер бұл диета сізге қиынға соқса, сағат күндізгі 11 шамасында бірнеше алма мен айран қосып, ішіңіз.
Төртінші күн. Бұл ағуызды күн деп аталады. Ағзамызға ағуыз аса қажет екені бәрімізге мәлім. Күніне 3 мезгіл тауықты қайнатып, жеу керек. Сондай-ақ сүтті шай немесе шөпті шай ішуге болады.
Бесінші күн. Бұл күнге жеткенде ағзаңыз шаршап, диетаны қабылдауға қарсы шығуы мүмкін. Ол дәрумендер мен микроэлементттердің жетіспеуін сезе бастайды. Сондықтан сізге жеңіл тағам керек болады. Сорпа, апельсин шырынын ішу керек.
Алтыншы күн. Бұл күн – көкөніс күні деп аталады. Орамжапырақ, сәбіз, қияр, қызанақ секілді көкөністерді алдын ала сатып алыңыз. Оларды шикілеу немесе қайнатып жеу керек. Ал егер салат жасағыңыз келсе, майдың орнына соя тұздығын пайдалануыңызға болады. Бұл күні міндетті түрде суды молынан ішу керек.
Жетінші күн. Бұл күні диетадан «шығып» кәдімгі тамақтану режиміне ауысуыңыз керек. Көкөніс, жемістер мен жеңіл тамақтануыңыз керек. Мысалы, таңғы мен кешкі асқа көкөністі немесе жемісті салат жасап, күндіз балық жеңіз. Ұйықтар алдында айран ішуіңізге болады.
Сәттілік!
Сурет: delaina.ru
Оқи отырыңыз:
21 күннің ішінде 10 келі салмақтан арылғыңыз келе ме?
Мінсіз дене сымбатын жету үшін
Ф. Абилова