Арықтауға көмектесетін 6 әдіс

Арықтауға көмектесетін 6 әдіс
Фото: Николай Винокуров

Көптеген адам артық салмақтан арылуды армандайды. Алайда барлығына бірдей көмектесетін диета әлі ойлап табылған жоқ. Дегенмен арықтауға көмектесетін әдістер бар.

Төменде аталатын әдістер диабет, қаназдық, жүрек ауруы бар адамдарға зиян болуы мүмкін. Сол себепті алдымен дәрігермен кеңесіп, рұқсатын алған жөн.

Ауыз суы

Су – ағзаның денсаулығы үшін керек. Ол қанның жүруіне көмектеседі. Арықтау, сауығу үшін барлық дәрігерлер су ішу қажет екенін айтады. Күніне 2 литр, яғни 8 стақан су ішуіңіз керек. Оның үстіне судың тәбетті басатын қасиеті бар. Судың орнын шай, лимонад, шырын баса алмайтынын ұмытпағайсыз.

Орамжапырақ

Бұл көкөністі шамадан тыс көп жей беруге болады. Ода пайдалы микроэлементтер мен су көп.

Ақуыздар

Ақуыз – нәрлендіруші элемент. Ол ет, жұмыртқаның құрамында бар. Адам ағзасы үшін өсімдік ақуыздары да пайдалы. Оларға бадана, асбұршақ, жасымық пен жаңғақтар жатады. Сондай-ақ самырсын жаңғағының құрамында пайдалы дәрумендер мол.

Жеміс-жидектер

Алма, алмұрт, апельсин, грейпфрут, банан, жүзім сияқты жемістер адам ағзасын нәрлендіріп, қуаттайды.

Спорт жаттығулары

Спортпен айналысу барысында ағзадағы артық майлар азая бастайды. Дене сергіп, ас қорыту жүйесі жақсарады. Спортпен бірге дұрыс тамақтану тәртібін ұстанатын болсаңыз, көп ұзамай арықтай бастайсыз.

Таза ауа

Жаяу серуендеу, велосипедпен қыдыру ағзаның денсаулығы үшін маңызды. Жүрегіңіз жаттығып, ішкі органдарға ауа өтіп, демалады. Қаныңыз тазарады. Ас қорыту жүйесі жақсарып, артық салмақ азаяды. Таза ауа жүйкені тыныштандырады.

Мақаланы жоғалтып алмау үшін әлеуметтік желілердегі парақшаң арқылы бөліс!

Ф. Абилова