Жүйелі түрде жаттығу жасау мен дұрыс тамақтануды сақтаусыз артық килограмдардан арылу мүмкін емес. Алайда мәзірде метаболизмді жылдамдататын өнімдер болуын қадағалау арқылы тиімді арықтауға болады.
Авокадо
Біртүрлі естілуі мүмкін, алайда артық майды жағуға бізге «жақсы» майлар керек. Моноқанықпаған майлар осындай майлар қатарына жатады, оларды авокадо құрамынан табуға болады. Авокадо құрамындағы манногептулоза инсулиннің босап шығуын баяулатады және кальций сіңуін арттырады. Бұл артық салмақтан арылуға көмектеседі. Тоқтық сезімі жылдам келіп, ұзаққа дейін сақталады. Сондықтан ол артық тамақтанудан сақтайды.
Көк шай
Метаболизмді жылдамдатудың бір әдісі — антиоксиданттарға бай көк шай ішу. Бұл сусынның ағзадағы бос радикалдарды азайтатыны, қатерлі ісіктің алдын алатыны және зат алмасуды ынталандыратыны дәлелденген. Метаболизм жылдамдауы үшін 3-4 кесе көк шай ішу керек.
Жұмыртқа
Жұмыртқада тоғыз алмастырылмайтын аминқышқыл, көп қаныққан майлар және көптеген қоректік заттар бар. Күніне 2 жұмыртқа жеу холестерин деңгейін арттыратыны және артық салмақ тастауға көмектесетіні дәлелденген. Жұмыртқа сіздің ұзаққа дейін тоқ журуіңізге көмектеседі.
Грейпфрут
Зат алмасу процестерін жылдамдату үшін күнді бір стақан грейпфрут шырынынан бастау ұсынылады. Ол инсулин деңгейін төмендетеді және зат алмасуды жылдамдатады. Бірақ оны аш қарынға ішуге болмайды. Оны таңғы аспен бірге ішіңіз.
Зімбір
Зімбір күшті термогенді әсерге ие. Зімбір қан тамырларды кеңейтеді, қан айналымды жақсартады және ас қорытуды ынталандырады. Оны тамаққа және сусынға қосқан кезде май 20%-ға жылдам ыдырайды.