- Негізгі бет
- Сымбат
- Арықтауға арналған күнделікті...
Арықтауға арналған күнделікті жаттығу ережесі
Фото:
plus.google.com
Денеңіз сымбатты болсын десеңіз, күнделікті жаттығу жасаған жөн. Ол үшін арнайы бағдарлама бойынша жұмыс істеу керек.
1. 100 рет секіртпемен секіріңіз.
2. 10 рет аяқ қолды еденге қойып, денені көтеріңіз (отжимание).
3. 20 рет бір аяқты алға, екіншісін артқа қойып, отырыңыз. Аяқты ауыстырар кезде секіріңіз.
4. 100 рет секіртпемен секіріңіз.
5. 30 рет пресске жаттығу жасаңыз. Аяқты батарея не кереуеттің аяғына тіреп, басты қолмен ұстап, денені көтеріңіз.
6. 40 рет отырып тұрыңыз.
7. 100 рет секіртпемен секіріңіз.
Аталған жаттығуларды күнде жасап жүрсеңіз, 3 аптадан кейін нәтижені байқайсыз. Мұнымен қатар дұрыс тамақтану нормасы жайлы да ұмытпаңыз.
Ф. Абилова